---
title: "Ғ. Оразбақов ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Ф. Женнимен кездесті"
description: "Агенттікте монополияға қарсы органның басшысы Ғалым Оразбақовтың Экономикалық ынтымақтастық және дам..."
author: "AZKRK"
published: "2014-05-23T08:54:12+00:00"
modified: "2014-05-23T08:54:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/orazba-ov-eyd-b-sekelestik-zh-nindegi-komitetini-t-ra-asy-f-zhennimen-kezdesti-414815"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/orazba-ov-eyd-b-sekelestik-zh-nindegi-komitetini-t-ra-asy-f-zhennimen-kezdesti-414815/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғ. Оразбақов ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Ф. Женнимен кездесті

> Агенттікте монополияға қарсы органның басшысы Ғалым Оразбақовтың Экономикалық ынтымақтастық және дам...

Агенттікте монополияға қарсы органның басшысы Ғалым Оразбақовтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Фредерик Женнимен кездесуі өтті. Кездесу барысында ЭЫДҰ-ға кіру мәселесі талқыланды. Ф. Женни ұлттық монополияға қарсы заңнаманың және құқық қолданудың ЭЫДҰ талаптарына сәйкес келуін айқындау өлшемдері және т. б. туралы әңгімеледі. ЭЫДҰ сарапшылары үшін жоғары баға өлшемі ұлттық заңнаманың және құқық қолданудың алдыңғы қатарлы практикаға сәйкес келуі болып табылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/orazba-ov-eyd-b-sekelestik-zh-nindegi-komitetini-t-ra-asy-f-zhennimen-kezdesti-414815](https://yvision.kz/kk/post/orazba-ov-eyd-b-sekelestik-zh-nindegi-komitetini-t-ra-asy-f-zhennimen-kezdesti-414815)