---
title: "Оразаның шарттары мен тіректері"
description: "1. Ислам дінін ұстану Ислам дінін ұстану – бұл бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса ..."
author: "ceka"
published: "2013-07-03T05:11:29+00:00"
modified: "2013-07-03T05:11:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/orazany-sharttary-men-tirekteri-361021"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/orazany-sharttary-men-tirekteri-361021/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оразаның шарттары мен тіректері

> 1. Ислам дінін ұстану Ислам дінін ұстану – бұл бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса ...

1. ***Ислам дінін ұстану***

Ислам дінін ұстану – бұл бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «***Иман келтіруден бас тартқан кісінің амалдары жойылады да, Ахырет Күні ол зиянға ұшыраушылардан болады***» (әл-Мәида, 5).

Және де Аллаһ Тағала: «***Саған да(Әй, Мұхаммед), әрі сенен бұрынғыларға былай уахи етілді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда сен әлбетте зиянға ұшыраушылардан боласың»***», - деді (Зумар, 65).

2. ***Тыйылу***

Жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты оразаны бұзатын кез-келген нәрседен тыйылу, оразаның бірден-бір шарты болып табылады (“Тухфәтул-фуқаһа” 1/537).

3.*** Уақыт***

Бұл жерде оразаны таң атқаннан күн батқанға дейін тұту жайында айтылуда. Аллаһ Тағала: «...***ал сосын кешке дейін ораза тұтыңдар***», - деген (әл-Бақара, 187).

4. ***Ниет***

`Умар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «***Расында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады. Шынында, әрбір адам тек өзінің ниеттенген нәрсесін ғана алады***» (әл-Бухари 1, Муслим 1907).

Осы хадистен байқайтынымыз, Аллаһтан басқа біреу үшін жасалатын кез-келген іс есептелмейді, әрі амалдарды ықылассыз жасаған адам осы дүниеде де, арғы дүниеде де ешқандай игілікке қол жеткізе алмайды.

Имам Ибн әл-Мунзир айтқан: «*Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «**Амалдар тек ниетке қарай бағаланады**» деген сөздері барлық істерге нұсқайды. Әрі ешқандай амал: парызы болсын, қосымшасы болсын одан ерекшеленбейді (тыс қалмайды)*» (“әл-Әусат” 1/371).

5. ***Ораза тұтуға мүмкіншіліктің болуы***

Бұл жерде ораза тұту үшін денсаулықтың болуы, сондай-ақ етеккір мен босанғанан кейінгі қан кетуден тазалану жайында айтылуда (Қараңыз: “Хашия әд-Дусуқи” 1/509).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/orazany-sharttary-men-tirekteri-361021](https://yvision.kz/kk/post/orazany-sharttary-men-tirekteri-361021)