---
title: "Ораза Айт қабыл болсын!"
description: "Назарбаев биыл да жылдағы дәстүрмен Қазақстандықтарды Ораза Айтымен құттықтапты, Ақорда айтады: Құрм..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-25T06:17:43+00:00"
modified: "2017-06-25T06:17:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oraza-ayt-abyl-bolsyn-771233"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oraza-ayt-abyl-bolsyn-771233/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ораза Айт қабыл болсын!

> Назарбаев биыл да жылдағы дәстүрмен Қазақстандықтарды Ораза Айтымен құттықтапты, Ақорда айтады: Құрм...

Назарбаев биыл да жылдағы дәстүрмен Қазақстандықтарды Ораза Айтымен құттықтапты, Ақорда айтады:

Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі. Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалады.

Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі. Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын! Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oraza-ayt-abyl-bolsyn-771233](https://yvision.kz/kk/post/oraza-ayt-abyl-bolsyn-771233)