---
title: "Оралмандар қай облысқа баруды өзі біледі"
description: "Шеттегі қазақтардың өз отанына оралуы ұзаққа жалғасатын тақырып. Өзге елдерде өмір сүріп жатқан 5 м..."
author: "makala"
published: "2014-11-03T01:43:43+00:00"
modified: "2014-11-03T01:43:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralmandar-ay-oblys-a-barudy-zi-biledi-437274"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralmandar-ay-oblys-a-barudy-zi-biledi-437274/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оралмандар қай облысқа баруды өзі біледі

> Шеттегі қазақтардың өз отанына оралуы ұзаққа жалғасатын тақырып. Өзге елдерде өмір сүріп жатқан 5 м...

![Оралмандар қай облысқа баруды өзі біледі](http://baq.kz/foto/5cda8074e0657eb2e0feaf9b1215f8a6.jpg)

Шеттегі қазақтардың өз отанына оралуы ұзаққа жалғасатын тақырып. Өзге елдерде өмір сүріп жатқан 5 миллион қандасымыз аман болады екен, оларды елге қосу үшін талай қызмет жасауымызға тура келеді. Себебі, тарыдай шашылу – ұлтымыздың кешегі тағдырына жазылған соры болса, оларды көктудың астына шоқтай жинау – бүгінгі қазақтың маңдайына бұйырған бағы.

Қазір отанына оралып жатқан қазақтың көші азайып кетті. Біз оның барлық себебін тізіп отыруды мақсат етпейміз. Ал, қара орман қазақ жұрты өз қандастарының еліне, атажұртына оралғанына шын қуанады. Соңғы кезде шеттен келетін қазақтарға деген биліктің көзқарасы сәл жұмсарып, алдымен 5 жылға созып, кейін әупірімдеп жүріп әрең 4 жылға түсірген азаматтық алу мәселесін 1 жылға қысқартты. Бұл да бір жымысқы тактика болды. Қорғансыз біреуді ұрып-соғып, артынан басынан сипап баурыңа тартсаң, сенен қормал адам жоқ көрінеді оған. Сол секілді азаматтық алу 1 жылға қысқарғанына да шеттегі қазақ қуанып-ақ қалды. Бірақ біз үшін бұл қалпақты аспанға ататын жайт емес. Себебі, Қазақстан алғаш тәуелсіздік алғанда Ресейге, басқа да одақтас республикаларға тайып тұрған (кеткені жақсы әрине) «отандастарымыз», кейін елімізге қайта оралатын болса, оларға 3 ай ішінде азаматтық берілуі керек. Егер осы уақытта «отандастар» (негізіген орыстар) азаматтық ала алмаса соған кінәлі мекеме қатаң жауапқа тартылады деген пункт бар заңда. Осыған қарап-ақ, отандасының ойынан шығу үшін барын салатын дүбаралықтың, қандасының қадірін білмейтін қораштығына куә боласың! Иә, жүйені, жүйені былғап жатқан күйені айта беру үшін де жүйке керек. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/component/content/article/4265-oralmandar-kai-obliska-barudy-ozy-biledy))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oralmandar-ay-oblys-a-barudy-zi-biledi-437274](https://yvision.kz/kk/post/oralmandar-ay-oblys-a-barudy-zi-biledi-437274)