---
title: "Оралда шойын балқыту пешінде 272 қару жойылды."
description: "«КазАрмаПром» ЖШС-ның шойын балқыту пешінде ұзын саны 272 қару жойылды, оның 232-сі тегіс ұңғылы аң..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-07-23T22:35:29+00:00"
modified: "2014-07-23T22:35:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralda-shoyyn-bal-ytu-peshinde-272-aru-zhoyyldy-422538"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralda-shoyyn-bal-ytu-peshinde-272-aru-zhoyyldy-422538/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оралда шойын балқыту пешінде 272 қару жойылды.

> «КазАрмаПром» ЖШС-ның шойын балқыту пешінде ұзын саны 272 қару жойылды, оның 232-сі тегіс ұңғылы аң...

![Оралда шойын балқыту пешінде 272 қару жойылды.](https://storage.yvision.kz/images/user/mvdgovkz/s7SWc704xgOSzEmtciLUuTRr81dvH7.jpg)

«КазАрмаПром» ЖШС-ның шойын балқыту пешінде ұзын саны 272 қару жойылды, оның 232-сі тегіс ұңғылы аңшылық қару болса, 35-і - шолақ мылтық, газды, пневматикалық, травматикалық, қолдан жасалған қарулар. Тіпті бір-бірден электрошокер мен кастет те бар. Мұның бәрі облыс азаматтарынан алынған немесе олар өз еріктерімен тапсырған қарулар. Оларға 6 миллиондай теңге төленген. Жалпы, бұл мақсатқа 13 млн. теңге қарастырылған. Балқыту нәтижесінде 367 келі металл алынды, бұл биылғы жылдағы осындай екінші шара. 12 наурызда аталмыш зауытта 356 қару балқытылған болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oralda-shoyyn-bal-ytu-peshinde-272-aru-zhoyyldy-422538](https://yvision.kz/kk/post/oralda-shoyyn-bal-ytu-peshinde-272-aru-zhoyyldy-422538)