---
title: "Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды"
description: "Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-ні..."
author: "mvdgovkz"
published: "2013-11-19T22:32:31+00:00"
modified: "2013-11-19T22:32:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralda-azarmaprom-zhshs-zauytynda-350-aru-bal-ytyldy-385724"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralda-azarmaprom-zhshs-zauytynda-350-aru-bal-ytyldy-385724/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды

> Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-ні...

Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қарудың дені жарақат салатын тапанша, шолақ мылтық. Оның бәрін тұрғындар еркімен тапсырған. «Қаруды механикалық жолмен майыстырып, жаншыдық. Барлығы 352 қару, 2 электрошокер мен 1 атыс тетігінің көзі жойылды.   

Тұрғындардан қару сатып алуға биыл 12 млн теңге бөлінді, оның 8,5 млн-ы облыс тұрғындарына төленді», - дейді БҚО ІІД-нің бөлімше басшысы Алексей Лянгузов. Майыстырылған балқыту пешін жіберілді. Одан алынған құймадан темір шарбақтар, қоршау құйылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oralda-azarmaprom-zhshs-zauytynda-350-aru-bal-ytyldy-385724](https://yvision.kz/kk/post/oralda-azarmaprom-zhshs-zauytynda-350-aru-bal-ytyldy-385724)