---
title: "Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды."
description: "Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. «BNews.kz», 13.03.2014ж. Орал полицейлері 350-ден астам қар..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-03-12T21:56:06+00:00"
modified: "2014-03-12T21:56:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralda-350-den-astam-aru-zhara-zhoyyldy-404978"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oralda-350-den-astam-aru-zhara-zhoyyldy-404978/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды.

> Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. «BNews.kz», 13.03.2014ж. Орал полицейлері 350-ден астам қар...

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. «BNews.kz», 13.03.2014ж. Орал полицейлері 350-ден астам қару-жарақты жойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция «КазАрмаӨнеркәсіп» АҚ-та өтті. Қару-жарақ бұрынғысынша арматура зауытының балқыту пештеріне салынады. Онда полицейлер полиэтилен мөшектерге салып аңшылық қарулар, шолақ мылтықтар және газ тапаншалар әкеледі.

Пешке 328 тегіс оқпанды мылтық, 7 шолақ мылтық, 17 газ тапанша мен револьвер және 2 электрошокер салынды.

2013 жылы ерікті түрде қару тапсырған облыс азаматтарына 12 млн теңге бөлінді. Халықтан қару-жарақты сатып алу акциясы биыл да жалғасын табады. Бұл мақсатқа 13 млн теңге қарастырылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oralda-350-den-astam-aru-zhara-zhoyyldy-404978](https://yvision.kz/kk/post/oralda-350-den-astam-aru-zhara-zhoyyldy-404978)