---
title: "Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)"
description: "Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларының бастамасымен облыс бойынша блог тур өткізу қолға алы..."
author: "zulkharov"
published: "2017-07-10T23:08:08+00:00"
modified: "2017-07-15T01:54:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-chapay-zha-a-ala-orda-batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-blogtur-396741"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-chapay-zha-a-ala-orda-batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-blogtur-396741/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)

> Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларының бастамасымен облыс бойынша блог тур өткізу қолға алы...

Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларының бастамасымен облыс бойынша блог тур өткізу қолға алынды. Турдың екінші сапары Ақжайық, Жаңақала, Бөкей Орда аудандарында жалғасты. Көрген қызықтарыммен желі қолданушыларымен бөлісуді жөн санадым.

1.Таңғы 6-да Орал қаласынан **Ақжайық ауданына** аттандық. Атырау-Орал тас жолындағы қалаға кіреберіс қақпаға орнатылған жазу. Биіктігі 10 метр.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/QW901A04O39HPqBpM88rB8vWFr571w.jpg)

2. Халық аузында **"Жұбан елі"** аталып кеткен Ақжайық ауданындағы Жұбан ақынның ескерткіші

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/9BJn18cgU0LbP6gyjC4Y3986ojZX4w.jpg)

3. Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында 25-ші Чапаев дивизиясының штабы, қазіргі В.И.Чапаев мемориалдық музейі орналасқан. Ғимарат 1888 жылы салынған. Революцияға дейін сауда орны орналасқан.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/BcwDuRl7dSY7PlJu1g1o129zVw3Pl4.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/2491irzHKtOxJlocj7cx5RO8q474As.jpg)

4. Мұражай кешенінен тек Чапаев революциясымен танысып қоймай, қазақтың арғы-бергі тарихымен танысуға болады. Жұбан Молдағалиевтің жұмыс бөлмесі.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/BsLbCbI6nXD3SmYe05e87mT4gKN4oo.jpg)

5. Музейдегі ең ерекше дүниелердің бірі 1800 жылдардағы құран кітабы мен самаурын.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/kxqJUcmO7H29XMNy50f5YFsT8v8uS2.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/msRw05l3ATAnI4u8NAAi8bAlioRmua.jpg)

6. Суретте біздің сапарға Ресейдің Самара қаласынан келіп қосылған Артем деген жігіт. Еңбек демалысын Қазақстанда өткізгім келеді деп келген. Осы суреттегі Артемнің үстіндегі киімді не үшін киетінін тауып, пікір қалдырған адамға сыйлығым бар )

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/Ut3yZeMbumYb22Q0hXyIU490OZ3YW5.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/DCmy31dD2E2NY3sXrabhptimDzEf37.jpg)

7. Мына суретті жай ғана соңғы шайқас деп атауға болады. 1925 жылдың 5 қыркүйегінде В.И.Чапаев осы шайқаста қаза болған.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/13PN3140H9jWE495Nr7qdUh6Y92tZq.jpg)

8. Аудан орталығында В.И.Чапаевқа қойылған ескерткіш.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/cyyUDzhe50baC18ZtiIHqQ6j4faOsm.jpg)

Ақжайық ауданынан әрі қарай Жаңақала ауданына қарай аттандық. Ауданда 475 шаруа қожалығының 25-і асыл тұқымды мал өсірумен айналысып отыр. Бұл ауданда 3 шаруа қожалығының жұмысымен таныстық.

9. "Хафиз" шаруа қожалығының қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын, яғни шабындық жұмыстары қалай өтіп жатырғанын тамашаладық.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/0FvkYzYJHGP5g3ZIxCMWv0klurIjLT.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/9S05yum5aEaUl51fOpSwai3YQnXdD4.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/wYZwsL9U9P7OriC6194BgQUDE47GDi.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/00phVKzRR3SnOoSfFrO8hn1L1Vk03O.jpg)

10. Жаңақала ауданы қазақтың Еділбай қойының отаны болып саналады. Шаруашылықтарында негізінен еділбай қойы өсірілетін "Бірлік" мал зауытында 15 мыңнан астам қой өсірілуде. Еділбай қойының ерекшелігі 4 айлық қозысының өзі 40-45 кг салмақ жинайды екен. 1968 жылдан бері Қазақстанның түкпір-түкпіріне аталған шаруашылықтан 160 мың бас қой сатылған.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/eS4hTYF4P583xi7N4x4tgCxvnd73ae.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/Hlr7YG29eAt157hEDHCFaGnd4Hj9JI.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/MDf4FzqR8RKZbOfFIJ4h8oErF54yHe.jpg)

11. Жаңақала ауданының шаруалары еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып 2005 жылы Ангус, Герефорд тұқымды сиырларды әкелген. Уақыттың тығыздығына байланысты Герефорд тұқымды сиырларды тамашалап үлгермедік. Ангус сиырының ерекшелігі мүйізсіз тоқал болып келеді. Сиырдың салмағы 500-600 кг. болса, бұқасының салмағы 750-800 кг. дейін барады екен. Сауын маусымында әр сиыр 2000 кг дейін сүт береді.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/0eZe3PFmVpOPsx502Y9uYdwi23vSK3.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/P2EVA6fkh53H4rmqZJ2oemkjRUi376.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/Tt0EE8d9AkeXLf2ER0k841SwkI6jA4.jpg)

12. Ауданда түйе, жылқы өсірумен айналысатын шаруашылықтар да бар. Бірліктен Ангус тұқымды сиырларды тамашалауға барар жолда жылқыларды көптеп кездестірдік.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/U78x4N61Kzj82Ed3Ba64gqHjcL3YY7.jpg)

Сапарымыздың келесі бағыты Жаңақаладан 250 км жерде орналасқан Хан Ордасы ауылы. Ауылға дейінгі жолда асфальт жоқ, шаң басқан жол. Көлігімізге шаң кіріп, төбедегі люкті ашып қоюға мәжбір болдық. Кешкі уақыт болған соң күн суытып, көлік іші лезде салқындап кетті. Қысқасы, минут сайын люкті ашып-жауып отырдық))))

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/bmaMwmXz9weEENRWAh3asPJeIePt82.jpg)

Түңгі 2.00-де көздеген жерімізге жеттік. Ауылға жеткен соң шағын кафеден ауқаттанып алып, қонақ үйге жайғастық. Ауылдағы жаңа ашылған қонақ үй жайлы екен. Душқа түсіп алып, ұйқыға кеттік. Таң атысымен тамақтанып алып, Бөкей Ордасы тарихи-музейлік кешенін аралауды бастап кеттік.

13. Бұл үйде 1917-1918 жылдары заңгер, ағартушы Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің редакторлығымен "Ұран" газеті шығып тұрған.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/rIP0QI8iRzyNCjHv8vNRv0KSpB9R5T.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/ElK2egh0hQt7OQbXNTZHd0T5wAjpd8.jpg)

14. Музей кешеннің негізгі аумағы Хан сарйы орналасқан жерде топтастырылған.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/7fqTeOnh8MF2JjG8RX3MrjGK1xjPfU.jpg)

15. 1867 жылы Қазақстанда ашылған тұңғыш "Қазынашылық үйі". Қазір бұл ғимаратта Бөкей Ордасының тарихи мұражайы орналасқан.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/abHMgXGk7985Fl0eNUlWdG4229f96t.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/W6P8CvzJng4HdgK72c5af9KSpE8NJx.jpg)

16. 1835 жылы салынған "Хан мешіті". Қазір бұл ғимаратта Тәуелсіздік мұражайы орналасқан.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/ak8m9OLzv4Mv56fXSxLzrvCsFJpfsX.jpg)

17. Хан сарайы. Бұл ғимараттың шығыс бөлігі ғана сақталған, ал батыс бөлігі өз жобасына сәйкес қайта салынған. Музей ішіндегі барлық тұрмыстық техникалар мен жиһаздар XIX ғасырдан сақталған.

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/fCb1mWQqW2oJfUDF8D1bcavsjDLO64.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/QSv83Bak13AakaHLlLGrysYC253OgH.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/2JtX5hCrOIR4ese9xF85hhXFEIht5l.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/A35N49Buw8H3j4Ms700qCHfZGNe9Cz.jpg)

18. Хан кеңесі өткізілген бөлме

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/WBd9Cp29ow48xVzXq0uz44GVeM97f8.jpg)

19. Жәңгір ханның жұмыс бөлмесі

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/Se48t9wB4WpXfl50DXrVhpPko62Jmx.jpg)

20. Жер астынан шығып тұрған ауыз су. Ордаға келген сайын бұл жерден су ішпей кетпейді екенмін

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/LnU3iiBc38nlgqKp9EpIZEy12Vsob5.jpg)

21. Баспахана орналасқан ғимараттың ішкі көрінісі. Сол замандағы баспа құралы мен газет нөмірі

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/oNlc4VkUNQ219Ir22mGFKJF5gbLjJl.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/700L1S15jxiQ3m4455kC1aj6bOp5l3.jpg)

22. Музей кешеніне Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір ханның, этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы Мұхамед-Салық Бабажановтың және күйші Дәулеткерей Шығайұлының кесенесі кіреді

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/50uO4K27DIoE8llZ1MlL0N202T5TG9.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/ajscUJ89v0w4z74TdQ4S2s53Qcw8n2.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/tA416UMUxLWt77wSdEB60Id41s84Fr.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/uoi8amW7C8yD5U6csqfS13CYPb6hMO.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/1g3VhwV6C5ejUn38JAjtYy0gI6VKIz.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/cFYU22QRCsvPLHyjr0ixghYC4My7Q2.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/A84QU7ETPHBqBHlRx1b8Zmo6w3P51i.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/d0g6pYNkWQ2YraxAgJl0pFoPK4ttOR.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/Vrr8QCrwDD4IHB96g24a16BBmiBeI1.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/Mk8Nc4nApK8vJl4NIOfkfqjjxc8q6F.jpg)

![Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)](https://storage.yvision.kz/images/user/adilgerey/e0My8ykvklHWm5JVA18dwa4uGCNFa2.jpg)

Блог тур Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен "Ақиқат" жастар қоғамдық бірлестігің қолдауымен өткізілді. Турдың алғашқы сапары Шыңғырлау ауданынан басталды. Облыстағы мен барып көрмеген жалғыз аудан Шыңғырлау ауданы болса да, өкінішке орай бұл сапарға қатыса алмадым. Блог тур әрі қарай жалғасын тауып, ғұмырлы болады деген тілек бар...

**Бір пост арқылы жеткізуге мүмкін емес ұзақ сапардан қысқаша ақпарат.**

***p.s. Жазбада өзім түсірген суреттермен бірге Яков Федоров @[theyakov](http://theyakov.yvision.kz) , Мейірбек Тажкуранов және Тілек Бақтыгеревтің фотолары қолданылды.***

 

*Өзге әлеуметтік желілердегі парақшаларым:*

*Твиттер:* ***[https://twitter.com/Zulkharov](https://twitter.com/Zulkharov)***

*Инстаграм: **[https://www.instagram.com/zulkharov/](https://www.instagram.com/zulkharov/)***

*Фейсбук: **[https://www.facebook.com/zulkharov](https://www.facebook.com/zulkharov)***

*** ***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-chapay-zha-a-ala-orda-batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-blogtur-396741](https://yvision.kz/kk/post/oral-chapay-zha-a-ala-orda-batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-blogtur-396741)