---
title: "Орал қаласының Желаев кенттік округі активімен кездесу"
description: "2015 жылдың 31 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы м..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-08-03T07:02:02+00:00"
modified: "2015-08-03T07:03:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-zhelaev-kenttik-okrugi-aktivimen-kezdesu-526708"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-zhelaev-kenttik-okrugi-aktivimen-kezdesu-526708/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал қаласының Желаев кенттік округі активімен кездесу

> 2015 жылдың 31 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы м...

![Орал қаласының Желаев кенттік округі активімен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Y6nPPZZSltin064z0u4l7k4Pi0d3U2.jpg)

![Орал қаласының Желаев кенттік округі активімен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/70PwKcCLrhF2C5r2c8gd2jVMzxyB31.jpg)

**2015 жылдың 31 шілде күні** Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы мен «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам»-ның бірінші реформасы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өз ара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев Орал қаласы Желаево кенттік округінің белсенділерімен кездесті. Кездесу алдында Департаментінің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке өту жолдары, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалардың іске асырылуы туралы мәселелерді көтерді. Кейін, кенттік округ активінің қатысуымен семинар**-**кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселеллер ҚР Қылыстықкодекісіндегі өзгерістер және Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бірінші реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құрубойынша толық ақпарат беріліп, қатысушыларға видео роликтер көрсетілді. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады» және «Мемлекеттік қызметті алу кезіндегі менің құқығым» жаднамалары таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-zhelaev-kenttik-okrugi-aktivimen-kezdesu-526708](https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-zhelaev-kenttik-okrugi-aktivimen-kezdesu-526708)