---
title: "Орал қаласының ІІБ-дағы семинар"
description: "2017 жылдың 30 қаңтарында Орал қаласының ішкі істер басқармасында семинар өтті. Шара барысында Елбас..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-01-31T07:10:17+00:00"
modified: "2017-01-31T07:10:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-iib-da-y-seminar-753218"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-iib-da-y-seminar-753218/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал қаласының ІІБ-дағы семинар

> 2017 жылдың 30 қаңтарында Орал қаласының ішкі істер басқармасында семинар өтті. Шара барысында Елбас...

2017 жылдың 30 қаңтарында Орал қаласының ішкі істер басқармасында семинар өтті.

Шара барысында Елбасының мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуі және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Шараға Батыс Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті өкілдері қатынасты.

Семинарда бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-iib-da-y-seminar-753218](https://yvision.kz/kk/post/oral-alasyny-iib-da-y-seminar-753218)