---
title: "Орал қаласында Жайық суының деңгейі 862 см болды...."
description: "Жайықтың суы Батыс Қазақстан облысына бүгін келеді деген болжам айтылып отыр. Орынбордан шыққан нөпір су Батыс Қазақстанға бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар. Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 62..."
author: "orazali"
published: "2024-04-22T05:53:03+00:00"
modified: "2024-04-22T05:53:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-zhayy-suyny-de-geyi-862-sm-boldy-auipti-m-lsher-850-sm-1003811"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-zhayy-suyny-de-geyi-862-sm-boldy-auipti-m-lsher-850-sm-1003811/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал қаласында Жайық суының деңгейі 862 см болды....

> Жайықтың суы Батыс Қазақстан облысына бүгін келеді деген болжам айтылып отыр. Орынбордан шыққан нөпір су Батыс Қазақстанға бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар. Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 62...

*Жайықтың суы Батыс Қазақстан облысына бүгін келеді деген болжам айтылып отыр.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/91fdf536be06dea68efdadda715ade.jpg) Орынбордан шыққан нөпір су Батыс Қазақстанға бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар. Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі **8 метр 62 сантиметр** болды. Қауіпті деңгей - **850 сантиметр**.

Нөпір су алдымен Орынбормен шекаралас Бәйтерек ауданындағы Январцев ауылына жетеді. Елді мекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын **30 сантиметрге** көтеріліп жатыр.

https://t.me/qazaqstantv

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-zhayy-suyny-de-geyi-862-sm-boldy-auipti-m-lsher-850-sm-1003811](https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-zhayy-suyny-de-geyi-862-sm-boldy-auipti-m-lsher-850-sm-1003811)