---
title: "Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні"
description: "\"Менің екі Отаным бар. Тынық Дон және Ақ Жайық. Донда мен - казакпын, Жайықта - қазақпын. Екі xалық..."
author: "Alibinis"
published: "2015-06-12T00:52:00+00:00"
modified: "2015-06-12T00:55:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-shinshi-k-ni-508719"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-shinshi-k-ni-508719/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні

> "Менің екі Отаным бар. Тынық Дон және Ақ Жайық. Донда мен - казакпын, Жайықта - қазақпын. Екі xалық...

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/f7Jwer14Krr5aWu0d8o2tjhClM9u6I.jpg)

"Менің екі Отаным бар. Тынық Дон және Ақ Жайық. Донда мен - казакпын, Жайықта - қазақпын. Екі xалық - аты бір! Түп - тамырға тереңірек қарау керек!" - деп жырлаған орыс жазушысы, КСРО ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Михаил Александрович Шолоховтың өмірімен таныстық.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/dY2HxlTuNjV1vOZXsFaa1GllmZf43Q.jpg)

Танымдық экскурсия М.А.Шолоxовтың мұражай кешенінде өткен болатын. Орал қаласы қонақтары және тұрғындарына ерекше мәдени мекеме Дариян ауылындағы М.А.Шолохов атындағы мемориалдық мұражайды тамашалауға кеңес беремін.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/PXfD8gickxIadGT7Xn55kq3VOYiLfX.jpg)

XXI - ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - Кітапxана. Осы мақсатта бүгінгі күніміз әдебиет саласына арналған болатын. Бүгінгі күні XIX ғасыр ғимараты - Орал облысы бойынша облыстық кітапxананың қонағы болдық. Кітапxананың басты мақсаты қазақ әдебиеті арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту болып табылады. Бүгін шығармашылығын өмір шындығымен ұйқастыра білген дарынды жазушы Хамза Есенжанов Ықсанұлының өмірімен таныстық. Жазушының өмірі туралы хамзатанушы, өлкетанушы Сайлау Хамитұлы Сүлейменов толығымен баяндады.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/X7322lZ5Z0e00zLOJ9OpsL5IEx7Xq9.jpg)

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/pUpCleO0b0KUhyYdgJ0AwSN25I8E2n.jpg)

Осы кездесуден соң Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты мекемесінде болып қайттық.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/lnz2w6HCvPdTq00g7Q3ReS2eX55C1f.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-shinshi-k-ni-508719](https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-shinshi-k-ni-508719)