---
title: "Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының екінші күні"
description: "Алғашқы күні қаланың сәулетті ғимараттарымен танысқан соң, бүгінгі экспедициямыз Ұлы Отан Соғысы жыл..."
author: "Alibinis"
published: "2015-06-11T13:07:51+00:00"
modified: "2015-06-11T13:07:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-ekinshi-k-ni-508276"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-ekinshi-k-ni-508276/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының екінші күні

> Алғашқы күні қаланың сәулетті ғимараттарымен танысқан соң, бүгінгі экспедициямыз Ұлы Отан Соғысы жыл...

Алғашқы күні қаланың сәулетті ғимараттарымен танысқан соң, бүгінгі экспедициямыз Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Орал қаласына арналды. Дәмді таңғы астан соң Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет мұражайына танымдық экскурсияға аттандық. Мұнда қайталанбас мұражай экспонаттарын көріп, өзімізге қызықты жаңа мәліметтермен таныстық.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының екінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/M0Ym1zrLE4f1neQ64afxXJE2zJVk49.jpg)

Әсіресе маған Ұлы Отан Соғысының ардагері П.Р.Букаткинмен болған танымды кездесу қатты ұнады. Онда тек қана сұрапыл соғыстың естеліктері, батырлардың ерлігі жайлы біліп қана қоймай, сұм соғыстың қиыншылықтарын сезіне білдік.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының екінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/q9P32JBut4PhsZN5s2dSlv724558G5.jpg)

Танымдық экскурсиядан соң Кеңес Одағының Қаһарманы жоғары атағына ие болған тұңғыш қазақ аруы - Мәншүк Мәметованың мұражайына саяxат жасадық. Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапқан қазақ қызының өмірі туралы келесі мағлұматтарды білдік:

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының екінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/M26zG2Gd7ZQ6If6q7pYxv0DlS1rRzE.jpg)

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және батылдығымен көзге түсті.

Шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының екінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/fOFOf4Wah985zq9Xx2LlgzpHu7RV4j.jpg)

Сонымен қатар Мәншүктің туған үйін көрсететін бөлме батыр қыздың естеліктерімен жасақталған. Мұнда қандай да бір мағлұматтарды біліп қана қоймай, 20-ғасыр мен сұрапыл соғыста болғандай ерекше әсер алдық. Содан соң соғыс жылдары кезінде Ленинград қаласынан көшірілген "Зенит" зауытының мұражайына саяxат жасап, зауыт өмірімен таныстық.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының екінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/AFR1n52p4K8iotpOXh2pzp3G5r0g4j.jpg)

Бұл зауыт Қазақстан бойынша браконерлермен күрес, ұлттық қауіпсіздік үшін қолданылатын кемелерді жасайтын жалғыз орын. Күн "Ер есімі - ел есінде" деп аталатын еске алу кешімен өз жалғасын тапты.

Бүгінгі экспедиция Ұлы Жеңіске арналуы тегін емес.

Биыл ұлы Жеңіске 70жыл толды. Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз. Өйткені қаһарман аға - апаларымыздың арқасында бейбітшілікте баянды өмір сүріп жатырмыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-ekinshi-k-ni-508276](https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-ekinshi-k-ni-508276)