---
title: "Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының бесінші күні"
description: "Әлемге әйгілі «Бюллер» фирмасының жабдығы негізінде жұмыс жасайтын «Белес Агро» ЖШС-ының астық өңде..."
author: "Alibinis"
published: "2015-06-13T13:56:04+00:00"
modified: "2015-06-13T13:56:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-besinshi-k-ni-509554"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-besinshi-k-ni-509554/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының бесінші күні

> Әлемге әйгілі «Бюллер» фирмасының жабдығы негізінде жұмыс жасайтын «Белес Агро» ЖШС-ының астық өңде...

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының бесінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/tT92CMl5kB6A9gyggcHTFIVOOEhYv5.jpg)

Әлемге әйгілі «Бюллер» фирмасының жабдығы негізінде жұмыс жасайтын «Белес Агро» ЖШС-ының астық өңдеу кешені Зеленов ауданы Белес ауылында 2009 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. Араға он ай салып, толық қуатына көше бастаған диірмен кешені өткен жылы 35 мың тонна бидай тартып, 26,5 мың тонна астық өндірді.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының бесінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/JszHv2O75Xd00Vvk9YsEzHJe0xb9CR.jpg)

Бүгінде түрлі сұрыпты астық, кебек пен жарма ұнтағын өндіруде. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыс жасаса, соның 30-ы Оралдан қатынайды, 70-і - Белес ауылының тұрғындары. Олардың арасында жас мамандары да бар. Біліктіліктеріне қарай жалақы төленеді. Ал жұмыстың бәрі компьютерлендірілген. Шикізат та жеткілікті. Компанияның арнайы бункерлерінде 150 мың тонна бидай сақталуда. Өнім негізінен Атырау мен Ақтауға жөнелтілуде.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының бесінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/P0sm971J0796wyGWtwkP7OJpIfL03G.jpg)

Бүгінгі экспедициямыз осындай нарықта зор орны бар Отандық өндірушімен танысумен өз жалғасын тапты. Кублей компаниясы “Мінсіз алтын сапаның кепілдендірілген стандарты” – деген ұранды ұстанады.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының бесінші күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/aT4qF3D3iqpEVj8egE52aY9m4n0VC6.jpg)

«Кублей» компаниясы ет консервілері, балық консервілерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі бойынша өзіне теңдесі жоқ, отандық нарықтағы талассыз көшбасшы болып табылады. Қазақстанда орналасқан заманауи өндірістік қуаттар және қолданылатын озық технологиялар қазақстандық көшбасшыға мыңдаған құты өнім өндіруге мүмкіндік береді. Шығарылатын өнімдердің 100–ден астам түрі бар. «Кублей» компаниясының жоғары білікті мамандары тұтынушыларға сапалы табиғи өнімді ұсынады, сондықтан өнім тек қана Қазақстан нарығында ғана емес, алыс және жақын шетелдер нарықтарында да талап етіледі. «Кублейдің» инвестициялық стратегиясы Еуропалық сапалы жабдықтармен жабдықталып, жоғары жаңа өндірістік қуаттарды меңгеру және өнімнің түр жиынын үнемі кеңейтуге бағытталады. «Кублей» нарықтағы тұтынушы үнемі талап ететін, құрамында тағам қосымшалары мен ГМО жоқ жоғары сапалы өнімді шығарады. Содан соң жасыл - желекке толы Орал қаласының көрікті жерінде болдық. Бұл - С.М.Киров атындағы тамыры терең тарихы бар саябақ. Айта кетерлік жайт, аталмыш саябақтың негізі 1840 жылы әскери бақ ретінде қаланған. Кеңес дәуірінде ол С.Киров атындағы қалалық мәдениет және демалыс паркі ретінде белгілі болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-besinshi-k-ni-509554](https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-besinshi-k-ni-509554)