---
title: "Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының алғашқы күні"
description: "Жұбан Молдағалиев: \"... Жайық бұрынғы өзен емес, Орал да қалашық емес, қала. Ұлы Құрманғазының күйле..."
author: "Alibinis"
published: "2015-06-09T11:34:44+00:00"
modified: "2015-06-09T11:35:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-al-ash-y-k-ni-506794"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-al-ash-y-k-ni-506794/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының алғашқы күні

> Жұбан Молдағалиев: "... Жайық бұрынғы өзен емес, Орал да қалашық емес, қала. Ұлы Құрманғазының күйле...

Жұбан Молдағалиев: "... Жайық бұрынғы өзен емес, Орал да қалашық емес, қала. Ұлы Құрманғазының күйлері сияқты, Жайық та өзінің сарынды жай ағысымен жүйткіп жатыр",-деп жыр жырлады. Дербес білім беру ұйымы мүмкіндік жасап отырған "Туған елге тағзым" өлкетанулық- зерттеу экспедициясының арқасында ата- бабалары мен қазіргі ұрпақтардың жасампаз ерен еңбектері арқасында дамып келе жатқан қаланы көрудің сәті түсті.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының алғашқы күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/5y14wKdAoQ2UO9jGXs6s5TvutB18l7.jpg)

Атырау қаласы xимия-биология бағытындағы зияткерлік мектептің оқушыларынан құралған топ табиғаты әсем, Қазақстанның жасыл өлкелерінің бірінің орталығы саналатын Орал қаласына пойызбен 8-маусым күні жетті. Орал қаласының талантты оқушылары өздерінің алуан қимылды флешмобтарымен қарсы алып, таң қалдырған еді.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының алғашқы күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/pJqnbThOmzlEE8Mmvj10iX06h5G061.jpg)

Арнайы жайылған түскі астан кейін біз Батыс Қазақстан бойынша "Туған елге тағзым" зерттеу-танымдық эспедициясының алғашқы сапарына аттанып кеттік. Орал қаласы бойынша шолу экспедициясында біз қаланың көптеген көз тартарлықтай көрнекті жерлерімен таныстық. Атап айтсақ қаланың арxитектуралық және тариxи ансамблін зерттеу, "Старый Уральск" мұражайының естеліктері мен экспонаттарын танысу, қала мен облыстың тариxымен таныстыратын мәдени-танымдық экскурсияның куәсі болдық.

![Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының алғашқы күні](https://storage.yvision.kz/images/user/alibinis/oei8eHbKrxOwos23WxaxriP44A093H.jpg)

Экспедициядан соң оқушыларды арнайы дайындалған ашық аспан астындағы концерттік бағдарлама күтіп тұрған еді. Бұл бағдарламада мектеп оқушылары ғана емес, қонақтардың да белсенділігін айқын байқадық. Сонымен қатар біз сый ретінде арнайы флешмоб дайындап, өзге оқушылардың көңілінен шығып, өзіміздің ұйылшылдығымызды анық көрсеттік. Қонақтарға ұйымдастырылған танымдық бағдарлама арқылы оқушылар жаңа достар тауып, осы күннен алған өз әсерлерімен бөлісіп жатты.

Бүгінгі күні алған әсерім арқылы алдағы күндері де жоба қызықты, әрі танымды өтеді деп ойлаймын. Экспедиция маршруты бойынша әртүрлі жерлерді аралап, бұл қала туралы тереңірек ұғынуға тырысамыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-al-ash-y-k-ni-506794](https://yvision.kz/kk/post/oral-alasynda-y-tu-an-elge-ta-zym-zertteu-ekspediciyasyny-al-ash-y-k-ni-506794)