---
title: "Орал ақпараттық технологиялық колледж студенттерімен кездесу өткізілді"
description: "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітіл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-10-20T23:58:05+00:00"
modified: "2016-10-20T23:58:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-a-paratty-tehnologiyaly-kolledzh-studentterimen-kezdesu-tkizildi-720154"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oral-a-paratty-tehnologiyaly-kolledzh-studentterimen-kezdesu-tkizildi-720154/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орал ақпараттық технологиялық колледж студенттерімен кездесу өткізілді

> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітіл...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру аясында, Департаментпен **2016 жылдың 20 қазан күні** Орал ақпараттық технологиялық колледж студенттерімен жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кездесу өткізілді.

Кездесуде департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Төлепқалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және осы саладағы заңнамаларда болған өзгерістер туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, шара барысында колледж оқушылары салған сыбайлас жемқорлық тақырыбында суреттер карикатурасын Департамент өкілі мен колледж басшылықтары саралады.

Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бағытында профилактикалық бейнетаспалар көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oral-a-paratty-tehnologiyaly-kolledzh-studentterimen-kezdesu-tkizildi-720154](https://yvision.kz/kk/post/oral-a-paratty-tehnologiyaly-kolledzh-studentterimen-kezdesu-tkizildi-720154)