---
title: "Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана көшелерін әуенге бөлейді"
description: "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана күнін мерекелеу құрме..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-07-04T22:56:03+00:00"
modified: "2013-07-04T22:56:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-ortaly-skeri-orkestri-astana-k-shelerin-uenge-b-leydi-361276"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-ortaly-skeri-orkestri-astana-k-shelerin-uenge-b-leydi-361276/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана көшелерін әуенге бөлейді

> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана күнін мерекелеу құрме...

**

![Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана көшелерін әуенге бөлейді](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/050713/1.jpg)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана күнін мерекелеу құрметіне Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қомақты бағдарлама дайындап, өнер көрсетпек. **

Бүгін 5 шілде күні түске дейін сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін әскери музыканттар қала әкімдігінің алдындағы орталық алаңда плац-концерт өткізеді.

Осы күні кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін сол жақ жағалаудағы «Бәйтерек» кешені жанында Band-marafon болады.

Келесі күні, 6 шілдеде таңертеңгі сағат 11-де Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Республика даңғылы бойынша марш-парад жасайды. Музыкалық шерудің басы Самал шағын ауданынан басталып, ал соңғы нүктесі әкімдік жанындағы орталық алаң болмақ.

Түстен кейін Орталық әскери оркестр басқа творчестволық ұжымдармен бірге Қазақ Елі алаңындағы гала-концертке қатысады.

Өнер көрсету барысында әскери марштар мен классикалық әуендер әуелеп, қазіргі заманғы композициялар да ойналатын болады. Астаналықтар әскери музыканттардың кәсіби шеберліктерін өз көздерімен көре алады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-ortaly-skeri-orkestri-astana-k-shelerin-uenge-b-leydi-361276](https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-ortaly-skeri-orkestri-astana-k-shelerin-uenge-b-leydi-361276)