---
title: "Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонында Елбасы Жолдауын түсіндіруді бастады"
description: "Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-02-04T07:56:22+00:00"
modified: "2014-02-04T07:56:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihattau-toby-almaty-garnizonynda-elbasy-zholdauyn-t-sindirudi-bas-399018"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihattau-toby-almaty-garnizonynda-elbasy-zholdauyn-t-sindirudi-bas-399018/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонында Елбасы Жолдауын түсіндіруді бастады

> Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы ...

![Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонында Елбасы Жолдауын түсіндіруді бастады](http://www.mod.gov.kz/foto/storefront/6018_0.jpg)

Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары шеңберіндегі жұмысын бастады.

Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары шеңберіндегі жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов жетекшілік ететін ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонының әскери қызметшілеріне Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндірді. Әскери бөлім командирлері, әскери оқу орындары мен мекеме бастықтары Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Жолдауын талқылады.

– Мемлекет басшысының Жолдауы – стратегиялық құжат, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын нақты тапсырмалардан тұратын бағдарлама. Еліміздің кез келген азаматы еңбегімен, жұмыстағы тәжірибесімен тәуелсіз елдің гүлденуіне өз үлесін қосуы керек, - деп атап өтті топ жетекшісі.

Алдағы күндері ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері жергілікті билік органдарының басшылығымен кездесіп, Қарулы Күштермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерін пысықтайды. Сондай-ақ, олар әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен, олардың отбасыларымен танысады.

Топ құрамындағы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі әскери бөлімдер мен оқу орындарында болып, өз өнерлерін көрсетеді.

Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған топтың Алматы гарнизонындағы жұмысы 8 ақпанға дейін жалғасатын болады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihattau-toby-almaty-garnizonynda-elbasy-zholdauyn-t-sindirudi-bas-399018](https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihattau-toby-almaty-garnizonynda-elbasy-zholdauyn-t-sindirudi-bas-399018)