---
title: "Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы жолға шықты"
description: "2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбас..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-08-11T23:33:23+00:00"
modified: "2013-08-11T23:33:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihat-toby-zhol-a-shy-ty-368243"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihat-toby-zhol-a-shy-ty-368243/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы жолға шықты

> 2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбас...

**2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамдежан Таласовтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы Шымкент, Тараз қалалары мен Арыс, Жібек жолы, Луговой, Мерке және Гвардейск гарнизондарында болады. **

 
 

Аталған іс-шараның мақсаты Қарулы Күштердің оң беделін арттыру және қоғамда әскери қызметті насихаттау, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін және ұрпақ сабақтастығы прициптерін белсендіру, сондай-ақ әскери ортада рухани мәдениет пен шығармашылық бастаманы дамыту болып табылады.

 
 

Ақпараттық-насихат тобының құрамында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің өнерпаздары бар.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihat-toby-zhol-a-shy-ty-368243](https://yvision.kz/kk/post/or-anys-ministrligini-a-paratty-nasihat-toby-zhol-a-shy-ty-368243)