---
title: "«Оның оң қолының не істеп жатқанын сол қолы білмейді» деген мәтел не туралы айтылған?"
description: "Аудармаға ақша табудың бір жолы ғана емес, ең алдымен ой өрісін кеңейтетін, жаңа білім алуға, бұрын..."
author: "yerlan_iskakov"
published: "2017-11-14T11:37:11+00:00"
modified: "2017-11-14T11:37:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ony-o-olyny-ne-istep-zhat-anyn-sol-oly-bilmeydi-degen-m-tel-ne-turaly-aytyl-an-784967"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ony-o-olyny-ne-istep-zhat-anyn-sol-oly-bilmeydi-degen-m-tel-ne-turaly-aytyl-an-784967/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Оның оң қолының не істеп жатқанын сол қолы білмейді» деген мәтел не туралы айтылған?

> Аудармаға ақша табудың бір жолы ғана емес, ең алдымен ой өрісін кеңейтетін, жаңа білім алуға, бұрын...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/U6pxF78hZPv8QnGJi5hezn4YAnX9j1.jpg)

Аудармаға ақша табудың бір жолы ғана емес, ең алдымен ой өрісін кеңейтетін, жаңа білім алуға, бұрыннан белгілі құбылыстар мен ұғымдарға жаңаша көзқарас қалыптастыруға септігін тигізетін танымдық жұмыс деп қарау қажет екендігіне сенімдімін. Бұлай болмаса, аудармамен айналысуға деген қызығушылықты баяғыда-ақ жоғалтқан болатын едім.

Бұрынғы жұмыста әріптестерімізбен **"Оның оң қолының не істеп жатқанын сол қолы білмейді"** деген мәтелді жиі айтатынбыз. Бұл бір ұйым құрамындағы бөлімшелер мен департаменттер қызметінің өзара келісілмеген, үйлеспеген әрі жүйесіз болғанда қолданылатын фраза еді.

Түпнұсқада (Иса пайғамбардың Таудағы уағызы) бұл сөздің "қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі (қазір осы екі ұғым қатар жүретін болған сияқты)" туралы айтылғанын білдім…!

Неге дейсіз ғой? Исаның осы бір танымал сөзінің қазақ тіліне аударылған нұсқасына назар аударсаңыз болады:

*Ағылшынша**:* But when you do your charitable deeds, do not let your left hand know what your right hand is doing.

*Орысша**:* У тебя же, когда творишь милостыню, пусть левая рука твоя не знает, что делает правая.

*Қазақ тілінде:* Ал сендер қайыр бергенде, не істегендеріңді сырлас достарың да білмесін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ony-o-olyny-ne-istep-zhat-anyn-sol-oly-bilmeydi-degen-m-tel-ne-turaly-aytyl-an-784967](https://yvision.kz/kk/post/ony-o-olyny-ne-istep-zhat-anyn-sol-oly-bilmeydi-degen-m-tel-ne-turaly-aytyl-an-784967)