---
title: "Онлайн-конференциялар жалғасуда"
description: "2020 жылдың 17 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен Физика-м..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-06-17T15:12:34+00:00"
modified: "2020-06-17T15:12:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/onlayn-konferenciyalar-zhal-asuda-859352"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/onlayn-konferenciyalar-zhal-asuda-859352/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Онлайн-конференциялар жалғасуда

> 2020 жылдың 17 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен Физика-м...

2020 жылдың 17 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен Физика-математика факультеті қызметкерлеріне «ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Онлайн-конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Т.М.Дәрішева, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері және университеттің Физика-математика факультетінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және 12-бабына сәйкес шектеулер қабылдаулар барысы талқыланды.

Аталған онлайн-конференциялар өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/onlayn-konferenciyalar-zhal-asuda-859352](https://yvision.kz/kk/post/onlayn-konferenciyalar-zhal-asuda-859352)