---
title: "Онлайн форматтағы кездесу"
description: "Шара барысында \"Nur Оtan\" партиясы Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, о..."
author: "isatay.nurotan.kz"
published: "2020-12-25T07:05:32+00:00"
modified: "2020-12-25T07:05:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/onlayn-formatta-y-kezdesu-900791"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/onlayn-formatta-y-kezdesu-900791/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Онлайн форматтағы кездесу

> Шара барысында "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, о...

Шара барысында "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, оның ішінде Зинеден ауылына жасалатын жағдайлар туралы айтылды. 2022-2023 жылдары Зинеден ауылының 5,1 шақырым ауылішілік жолдарын қайта жаңғыртуға, 2023 жылы Зинеден фельдшерлік-акушерлік пунктін күрделі жөндеу, 2023-2024 жылдары Нарын, Исатай және Зинеден ауылдарынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын салуға жоспарланып отырғаны туралы айтылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

![Онлайн форматтағы кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/440939/d68b4eb457f2a58094581e597f7fe1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/onlayn-formatta-y-kezdesu-900791](https://yvision.kz/kk/post/onlayn-formatta-y-kezdesu-900791)