---
title: "Қонақ күту — қазақтың мінезі!"
description: "Атам қазақ қонақ күтуді бұрыннан қасиетті амал санаған. Келген қонақты құр қайтармай, қолына бірдеңе..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-11T13:38:31+00:00"
modified: "2017-06-11T13:38:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ona-k-tu-aza-ty-minezi-769632"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ona-k-tu-aza-ty-minezi-769632/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қонақ күту — қазақтың мінезі!

> Атам қазақ қонақ күтуді бұрыннан қасиетті амал санаған. Келген қонақты құр қайтармай, қолына бірдеңе...

Атам қазақ қонақ күтуді бұрыннан қасиетті амал санаған. Келген қонақты құр қайтармай, қолына бірдеңе ұстатып жіберетін әжелеріміздің бейнесі көз алдымызда шығар. Қуыс үйден, құр шықпа дейді, мұны. Кешегі, ЭКСПО да да солай болды. Назарбаев безектеп, уақытына қарап, жан-жаққа алаңдаумен болды. Қасындағылардың апшысын қуырып, сырт айналмағанына риза болдым. Неде болса, сабырлы екен. Сонымен, қонақтар келді. Мәртебесіне қарай, әрқайсысын ерекше ілтипатпен күтіп алып жатты. Жымиып, жылы қарап, қолтықтан ұстап. Әсіресе, азулылардың қасында өзін жақсы ұстады. Сыр бермеді. Басқаларға да мән бермеді. Бұл, Назарбаевтың бойындағы ерекше қасиет па деп қалдым. Қазақтың мінезі сондай болуы керек. Көршімен тату тұрып, ымыраласып, араласқанға не жетсін?(!)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ona-k-tu-aza-ty-minezi-769632](https://yvision.kz/kk/post/ona-k-tu-aza-ty-minezi-769632)