---
title: "Қонақ күте білеміз бе?"
description: "Қыздарға қырық кеңес, келіндерге салттың жаңа сәні туралы ақпарат білгіңіз келсе, бүгін 15:00-де «Әй..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-08T01:38:00+00:00"
modified: "2015-07-03T05:45:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ona-k-te-bilemiz-be-518523"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ona-k-te-bilemiz-be-518523/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қонақ күте білеміз бе?

> Қыздарға қырық кеңес, келіндерге салттың жаңа сәні туралы ақпарат білгіңіз келсе, бүгін 15:00-де «Әй...

**Қыздарға қырық кеңес, келіндерге салттың жаңа сәні туралы ақпарат білгіңіз келсе, бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.**

**

![Қонақ күте білеміз бе?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/tYZXmdxl3HUq53OHH0P5gbMkrsThOV.png)

**

Қонақ күту – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Келген қонақтың риза болып кетуі үшін үй иесі мен оның әрекеттері зор рөл атқарады. Ал, қазақ халқы – ежелден барын қонағының алдына тосқан халық.

Содан болар, біздің халықта «Қырықтың бірі – қыдыр», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді», «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақ келсе – құт» сынды нақылдар бар.

Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға да ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.

Ал, қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Бүгінде қонақты қалай күтеміз? Дастархан жаю дәстүрі, қонақ күте білудің қыр-сырымен бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарынан біле аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ona-k-te-bilemiz-be-518523](https://yvision.kz/kk/post/ona-k-te-bilemiz-be-518523)