---
title: "«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша 63 тұрғын үй пайдалануға беріледі"
description: "«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша Алатау ауданы «Шаңырақ 5» (Саялы) шағынауданындағы к..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-08-06T07:46:00+00:00"
modified: "2015-08-28T07:46:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/olzhetimdi-baspana-2020-ba-darlamasy-boyynsha-63-t-r-yn-y-paydalanu-a-beriledi-527543"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/olzhetimdi-baspana-2020-ba-darlamasy-boyynsha-63-t-r-yn-y-paydalanu-a-beriledi-527543/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша 63 тұрғын үй пайдалануға беріледі

> «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша Алатау ауданы «Шаңырақ 5» (Саялы) шағынауданындағы к...

«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша Алатау ауданы «Шаңырақ 5» (Саялы) шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аумағы 24,7 га алаңды учаскеде 98 бес қабатты тұрғын үй орналасқан, пәтерлердің жалпы алаңы 187,5 мың шаршы метр немесе 3 270 пәтер, тұрғын үй ғимараттарының біліктілігі бойынша жайлылығы 4 санатты, бұдан басқа, бас жоспарда 1200 орынға арналған мектеп, 320 орынға арналған екі балабақша, қызмет көрсету нысандары, екі көпқабатты автотұрақ және инженерлік ғимараттар және құрылыстар құрылысы қарастырылуда.

Аулада демалысқа, балаларға, спортқа арналған аумақтар және қоқыс жинайтын орындар қарастырылған. Барлық алаңдар орындықтар, қоқыс жәшігі, шағын сәулеттік формалар, құмсалғыш, әткеншек және т.б. қажетті жабдықтармен жабдықталады. Тұрғын үйлердің жанында шағынмобильді халық санаттарына арналған автокөлікті уақытша сақтайтын тұрақтар қарастырылған. Жолдар мен жүргіншілер жолдарының жабындысы – асфальтты-бетонды. Велосипед жолдары қарастырылған. Тұрғын үй кешенінің аумағында тұрғындардың демалысына арналған саябақтар орналастырылуда. Аулаларды көгалдандыру ағаштармен, бұталармен, гүлбақша және көгал алаңдармен жүргізіледі.

Тұрғын үйлер монолитті темірбетондардан, құрылыстың қазіргі нормаларына сәйкес, сейсмикалық аудандарда 9 және одан жоғары баллды жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттың тұрақтылығын есепке ала отырып, отандық құрамды заманауи материалдарды қолдану арқылы салынады.

Қазіргі уақытта 68 тұрғын үйдің құрылысы басталған, оның ішінде 2015 жылдың ІІ- жарты жылдығында 63 тұрғын үй пайдалануға беріледі, пәтерлердің жалпы алаңы 124,44 мың шаршы метр немесе 2 138 пәтер, үш бағыт бойынша:

мемлекеттік органдарда кезекте тұрған азаматтарға арналған жалға берілетін тұрғын үй – 21 тұрғын үй, пәтерлердің жалпы аумағы 37,16 мың шаршы метр немесе 614 пәтер; сатып алу мүмкіндігі бар жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй – 12 тұрғын үй, пәтерлердің жалпы аумағы 22,27 мың шаршы метр немесе 396 пәтер; Облигациялық несие қаражаты есебінен берілетін ипотекалық тұрғын үй құрылысы - 30 тұрғын үй, пәтерлердің жалпы аумағы 65,01 мың шаршы метр немесе 1 128 пәтер;

Тұрғын ауданды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шеңберінде, барлық магистральді инженерлік желілер және құрылыстар, нақтырақ су құбыры және су тарту, электр және газбен жабдықтау салынған.

Араластыратын сорғы станциясы түрінде жылумен қамтамасыз ету көзінің, жылумен қамтамасыз ететін ішкі алаңдық желілер, су құбыры және су тарту, электр және газбен жабдықтау, телефондандыру және радиоландыру, сонымен бірге аумақты көгалдандыру құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Барлық инженерлік желілер құрылысы және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24585/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/olzhetimdi-baspana-2020-ba-darlamasy-boyynsha-63-t-r-yn-y-paydalanu-a-beriledi-527543](https://yvision.kz/kk/post/olzhetimdi-baspana-2020-ba-darlamasy-boyynsha-63-t-r-yn-y-paydalanu-a-beriledi-527543)