---
title: "Олжас Сүлейменов Павлодар қаласында.."
description: "Павлодар қаласына орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолда..."
author: "CRMI"
published: "2016-05-25T05:44:19+00:00"
modified: "2016-05-25T05:44:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/olzhas-s-leymenov-pavlodar-alasynda-694844"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/olzhas-s-leymenov-pavlodar-alasynda-694844/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Олжас Сүлейменов Павлодар қаласында..

> Павлодар қаласына орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолда...

Павлодар қаласына орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері – Олжас Сүлейменов іс-сапармен келді. Алғаш болып С.Торайғыров көшесінде орналасқан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов пен Григорий Николаевич Потаниннің ескерткішіне өз қалауымен барған еді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ZYCFFTi4R68CIrM3umov7ZqNCbLguy.jpg)

Ертең, яғни 26 мамыр күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық құрметіне арналған кездесу жоспарлануда және аталған университет Олжас Сүлейменов атындағы дәрісхананың ашылуын қоғам қайраткерімен бірге өткізбек.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/olzhas-s-leymenov-pavlodar-alasynda-694844](https://yvision.kz/kk/post/olzhas-s-leymenov-pavlodar-alasynda-694844)