---
title: "Олимпиададағы айтулы сөздер"
description: "Олимпиададан елдер жүлде алып қана қайтқан жоқ. Елдің езуіне күлкі сыйлайтын, ешкім күтпеген сөздері..."
author: "baydilda"
published: "2012-08-15T03:16:22+00:00"
modified: "2012-08-15T03:16:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/olimpiadada-y-aytuly-s-zder-283496"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/olimpiadada-y-aytuly-s-zder-283496/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Олимпиададағы айтулы сөздер

> Олимпиададан елдер жүлде алып қана қайтқан жоқ. Елдің езуіне күлкі сыйлайтын, ешкім күтпеген сөздері...

***Олимпиададан елдер жүлде алып қана қайтқан жоқ. Елдің езуіне күлкі сыйлайтын, ешкім күтпеген сөздерімен де есте қалады. Солардың бір парасын ұсынып отырмын...***

***

![Олимпиададағы айтулы сөздер](https://storage.yvision.kz/images/user/baydilda/EH2oP8hRnb9SmRBmE2nv7iM19Ug9C1.jpg)

***

******

**Усейн Болт, атақты желаяқ:**

***«Мен осы жетістіктерді бағындыру үшін келгенмін. Мен аңызға айналдым»***

**Натали Кук, Сидней Олимпиадасында жағажай волейболынан алтын жүлдеге қол жеткізген спортшы әурет жері көрініп қалғанда айтқаны:**

***«Әйелдің тәні – Құдайдың ең ұлы туындысы. Оған бәрі қарағысы келеді, әсіресе қимыл үстінде»***

**Джордан Барроуз, еркін күрестен АҚШ балуаны:**

***«Мен мына бозкілемге шыққан кез келген адамды жығуға дайынмын. Тіпті, ағылшын ханшайымы бозкілемге шықса да, алып ұруға дайынмын»***

**Елена Исинбаева, сырықпен секіруден үшінші орын алып қалған кезде айтқаны:**

***«Бәрібір менің рекордымды ешкім жаңарта алмайды. Мен мәңгілік биіктікті бағындырған адаммын. Оны жаңартатын адам он жылдан кейін туар бәлкім. Мұндай биіктікті қалыпқа сыймайтын адамдар ғана бағындырады. Ал, мен сондаймын»***

**ЭрикБаррондо, күміс жүлде алған Гватемала спортшысы:**

***«Менің осы жетістігімнен кейін Гватемаладағы біраз жігіт қолындағы тапаншасы мен пышағын тастап, бапкер іздер деген ойдамын»***

**Е Шивэнь, 400 метрге кешенді жарыста Райан Лохтенің өзінен жылдам келген Қытайдың «балық қызы»:**

***«Мен бұл жетістікке қажырлы еңбек пен тыңғылықты дайындықтың арқасында қол жеткіздім. Ешқандай допинг қолданғаным жоқ. Қытайлар өте әділетті халық»***

**Егор Мехонцев, жартылай финалда бразилиялыққа ұтылып қалған куба боксшысы Хулио ла Крусе Перас жайында:**

***«Мен бүкіл Әлем алдында оның мұрнын бет қылам деп достарыма, жақындарыма уәде еткен едім. Бірақ, Құдай екеуміздің жолымызды Олимпиадада түйәстірмеді.***

** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/olimpiadada-y-aytuly-s-zder-283496](https://yvision.kz/kk/post/olimpiadada-y-aytuly-s-zder-283496)