---
title: "Қолда құдай"
description: "Қасиетті ұлы ұран, әнұран, Әр жүректе Қазақпын деп жаңғырған. Намыс бермес додаларда жігіттер, Руxта..."
author: "Qoblandy"
published: "2017-10-11T22:53:53+00:00"
modified: "2017-10-11T22:53:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/olda-day-781364"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/olda-day-781364/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қолда құдай

> Қасиетті ұлы ұран, әнұран, Әр жүректе Қазақпын деп жаңғырған. Намыс бермес додаларда жігіттер, Руxта...

Қасиетті ұлы ұран, әнұран, Әр жүректе Қазақпын деп жаңғырған. Намыс бермес додаларда жігіттер, Руxтарын ия әруақ деп шақырған.

Қолда құдай Қазақтарды алыстан, Құда болып көрші ауылға барысқан. Кең пейілді ұлы ұлтым жасасын, Қызды қуып, бәйге шауып жарысқан. Ұлы дала ұрпақтары сақтардың, Атила боп жауға қарсы аттандың. Томирис боп ұстап алып патшасын, Тұншықтырдың қанға басын жаулардың. Көз алартпа көрші бізге ұғарсың, Достық қалап әлі өзің тұрарсың. Ұрпағынан кешегі өткен ғұндардың, Қорған жасап бізден әлі бұғарсың. Айбат емес достық кеңес бәріңе, Достарымды қарсы алайын елімде. Даласы бар ұлан - байтақ Қазақтың, Мәрт көңілін теңей білші жеріне.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/olda-day-781364](https://yvision.kz/kk/post/olda-day-781364)