---
title: "Қол жетімді баспана-2020. Алматыдағы пәтерлер"
description: "Алматы қаласында 140 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған пәтерлердің кілт..."
author: "Zhssb"
published: "2014-12-16T05:57:06+00:00"
modified: "2014-12-16T06:12:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ol-zhetimdi-baspana-2020-almatyda-y-p-terler-449977"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ol-zhetimdi-baspana-2020-almatyda-y-p-terler-449977/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қол жетімді баспана-2020. Алматыдағы пәтерлер

> Алматы қаласында 140 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған пәтерлердің кілт...

Алматы қаласында 140 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған пәтерлердің кілттерін алды. Алматыдағы «Алғабас-1» ықшам ауданында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары, мемлекеттік бағдарламаның қатысушылары үшін екі жаңа үй іске қосылды.

![Қол жетімді баспана-2020. Алматыдағы пәтерлер](https://storage.yvision.kz/images/user/zhssb/5cKzlL5DqsLv36dMWK8p2lypN5JopC.jpg)

*Әбдусәметовтер отбасының қуанышы шексіз, олар жаңа пәтердің кілтін алды. Жаңа үйде үшеуі тұратын болады, жақын арада сәби дүниеге келмек.*

Әбіл Әбдусәметов жұбайымен жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін алды. Жас отбасы осы сәтті көптен бері күткен, себебі жақын арада олар балалы болады. Жас отбасының айтуы бойынша, пәтерді нарық бағасымен алу мүмкін емес еді, бүгінгі күнге дейін олар ата-анасымен тұрған екен.

*"Бізде барлығы дайын, тек газельді жалға алып, көше бер. Барлық коммуникациялардың іске қосылуын тосып отырмыз. Қазіргі кезде біз ата-анамызбен бірге тұрып жатырмыз, сәбиіміз өзіміздің жеке пәтерімізде туғанын армандаймыз. Өйткені біздің пәтер үлкен, үш бөлмелі, барлығымызға орын жетеді".*

Назгүл осыдан 5 жыл бұрын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшысы болды. Ол жобаға дән риза, бүгінгі күн өмірімдегі ең бақытты күн дейді ол. Назгүл жаңа пәтерде 87 жастағы анасымен тұратын болады, қария ана да қобалжуда. Ал бүгінгі күні әйелдерде бір мақсат - әр ай сайын жаңа пәтерге бір жаңа зат сатып алу.

*"Мен көп жыл бойы анаммен бірге, оның пәтерінде тұрдым. Мемлекет азаматтарға үміт бергені өте жақсы. Біз бірте-бірте салымдар жасап, үйіміз де іргесін бірте-бірте көтере бастады, өмірде барлығы тез арада болмайды ғой. Осы үш бөлмелі жаңа пәтерде анаммен тұратынымды елестесем, көңіліме шуақ қонады".*

Қарлығаш Ерқазықызы — шығармашыл адам, пәтерді де ерекше жоспармен таңдады: әдеттегі төрт бұрыштың орнына Қарлығаштың қонақжай бөлмесінде бес бұрыш. Қазіргі кезде ол жатақханада тұрады, сол жатақхананы көптеген жыл бұрын өндіріс басынан алған еді, өзінің жеке пәтерін алу – оның басты арманы.

![Қол жетімді баспана-2020. Алматыдағы пәтерлер](https://storage.yvision.kz/images/user/zhssb/bfr2tgQSvDQ3TgV7cFw4Uh8QYMh8CO.jpg)

*"Мен жауапкершілігі мол, жүйелі адаммын. Әр ай сайын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» депозит шотына белгілі бір соманы салып отырдым. Менің ұқыптылығым осы жобаға енуге себеп болды".*

Қарлығаш Ерқазықызының айтуынша, осы пәтерлердің құны – кез келген адамның көкейінде жүрген жіті мәселе:

*"Осы бағдарламаға қатысу рәсімін бірер жыл бұрын жүргізгенбіз, сол кезде бір шаршы метрдің құны 125 000 теңге болатын, және де девальвацияға, экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, бағасы қайта қаралған жоқ. Менің пәтерім 40 ш.м. шамасында, енді санап көріңіз!"*

Өткенде ғана осы үйлерді проблемалы деп айтқан, олар бір жыл бұрын пайдалануға берілу тиіс еді. Үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мамандарының тұрақты бақылауымен салынды. Қоныстанғанға дейін банк әкімдіктің есеп шотына салымшылардың 75% қаражатын аударды.

*"Біз салымшыларға алғысымызды айтамыз, себебі олар банкке, мемлекетке сенім артты, және де «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушыларына айналды. Қазіргі кезде тұрғындар бірер кемшіліктерді табуда. Әрине, құрылыс – осал іс емес, кейбір ұсақ-түйектер әлі де бітпеген шығар. Барлық кемшіліктердің жойылатынына уәде береміз. Содан соң, қалған 16 үйге кірісеміз, -* деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Аламаты қаласы филиалы директорының орынбасары Жасұлан Құсайын*.*

![Қол жетімді баспана-2020. Алматыдағы пәтерлер](https://storage.yvision.kz/images/user/zhssb/VcjAVFce8kLVCo4mD4u61zBcrAg22f.jpg)

*Жасұлан Құсайын, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Аламаты қаласы филиалы директорының орынбасары, салымшыларға сенімділік көрсеткені үшін ризашылық білдіреді.*

Алғабас-1 ықшам ауданындағы осы үйлерді «Жел Олжа» ЖШС салып жатыр. Бүгін құрылысшылар тұрғындарға кілтпен бірге кемшіліктер туралы барлық ескертулерді жазуға болатын актілерді берді. Құрылысшылар оларды жоятын болады.

![Қол жетімді баспана-2020. Алматыдағы пәтерлер](https://storage.yvision.kz/images/user/zhssb/mfh8wUMG2F1vnB65POnH6nWF93J0Sv.jpg)

*Қуанышты тұрғындар құрылыс жұмыстарының аяқталуын күтуде, өткені жаңа пәтерлерге көшуге құштар.*

Жалпы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша «Тұрғындардың барлық санаттарына арналған баспана» желісі бойынша "Алғабас-1" ықшам ауданында 18 үй салынып жатыр. Бүгінгі күні кілт алған осы екі үйден басқа, тағы бірнеше үй дайын. Қазіргі кезде ұйымдастыру мәселелері шешілуде, содан соң, тұрғындарды қоныстандыру күні де анықталатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ol-zhetimdi-baspana-2020-almatyda-y-p-terler-449977](https://yvision.kz/kk/post/ol-zhetimdi-baspana-2020-almatyda-y-p-terler-449977)