---
title: "Қол жайғандар"
description: "Қазіргі таңда жүрек жарды мәселелердің бірі еліміздің көптеген азаматтары қаламыздың белгілі көшелер..."
author: "arnush12"
published: "2015-04-02T01:27:00+00:00"
modified: "2015-04-02T01:31:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ol-zhay-andar-487376"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ol-zhay-andar-487376/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қол жайғандар

> Қазіргі таңда жүрек жарды мәселелердің бірі еліміздің көптеген азаматтары қаламыздың белгілі көшелер...

Қазіргі таңда жүрек жарды мәселелердің бірі еліміздің көптеген азаматтары қаламыздың белгілі көшелеріндегі ғимараттардың әрбір бұрыштарында отырып қол жаюлары болып отыр. Бәлкім олар бұл жерде еріккендіктен отырған жоқ шығар. Бірақ сол азаматтардың ішінде он екі мүшесі сау, жұмысқа қабілетті сау адамдар да бар. Намысыңа тиеді. Дендері сау азаматтарға қарпайым қара жұмысқа болсын орналасып, тіршілікке қажет қаражатын табуы мүмкін ғой.

Қол жаюшылар біздің қаламызда да толып жатыр. Тіпті қазір балаларды қоғамдық көліктерге жіберіп қалың жұрттың алдында шырқатып ән салғызуды да шығарып алғандар да баршылық. Өткенде Павлодар қаласының белгілі көшелерінің бірінен өтіп бара жатсам бір топ басқа ұлттың әйелдері жүр. Қастарында кішкентай 4-5 жасар қыз бала жүр. Әйелдерді дендері сау емес деп айта алмаймын. Орта жас шамаларында, киімдері жұтыны емес. Бір байқағаным қастарынан өтіп бара жатқан адамдардан бірдеңе сұрап жүр. Бәрі де мән бермей өтіп кетті. Мен де қастарынан өтіп бара жатыр едім, әйелдердің бірі жақындап «Девушка, дайте пожалуйста мелочи, детям на хлеб» - деп сөйлей бастады. Ең қызығы ақша сұрап «Дай Вам АЛЛАХ счастья» - деп сөзін аяқтайды. Енді кері қайтып бара жатсам бағанағы айтқан кішкентай қыз бала: «Тетенька, дайте пожалуйста мелочи» - деп қолын созып артымнан қалмады. Сонда таңқалғаным жанағы қыз бала әлі кішкентай болса да тақылдатып адамдардан ақша сұрап жүр. Егер ол қазірден бастап содай болса, кейін не боларын көзіме де елестете алмаймын. Ондайлар өмір бойы еңбектенбей ақша табуға үйреніп алады. Кейін балада өмірге деген ешқандай қызығушылық, талпыныс та болмайды ма деп ойлаймын.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, еліміздің азаматтарының барлығы адал еңбекпен ақша тауып, еліне қызмет етсе, онда мемлекетіміздің қуатты 50 елдің қатарына кіруіне әрбір қадам болсын, алға басуға өз үлесін қосар еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ol-zhay-andar-487376](https://yvision.kz/kk/post/ol-zhay-andar-487376)