---
title: "«Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды»"
description: "Кеште Қостанай қаласының №115 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс – шара бар..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2020-01-13T11:07:59+00:00"
modified: "2020-01-13T11:07:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ol-aza-ty-m-m-tazhyn-zho-taydy-847739"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ol-aza-ty-m-m-tazhyn-zho-taydy-847739/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды»

> Кеште Қостанай қаласының №115 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс – шара бар...

![«Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/c2088d5f3a9036ec990f6e5c2ebfaf.jpg)

Кеште Қостанай қаласының №115 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс – шара барысында оқушыларға С. Досановқа арнап түсірілген деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.

Торғай даласы ақындық, шешендік өнердің және батырлар өлкесі ретінде атақ-даңқы қазақ елі-жұртына ертеден –ақ мәлім болған.

Міне, солардың бірі – күні бүгінге дейін 30 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы жерлесіміз, көрнекті суреткер Сәбит Айтмұхамбетұлы Досанов.

![«Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/110652f298ebbf841b527ad4b93aff.jpg)

Балаларды кітап көрмесімен таныстыру кезінде Сәбит Досановтың - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тарихи романдары – "Ақбас бүркіт»,"Жиырмасыншы ғасыр" эпопея, «Қыран мен жылан», «Хранители сокровенного», «Аптаның сегізінші күні» т.б. шығармаларына шолу жасап, қаламгердің шығармаларын оқуға шақырдық. Кітап көрмесі 1 ай жұмыс жасайды.

https://photos.app.goo.gl/1Vb3Fp1dxe7BZzYH7

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ol-aza-ty-m-m-tazhyn-zho-taydy-847739](https://yvision.kz/kk/post/ol-aza-ty-m-m-tazhyn-zho-taydy-847739)