---
title: "Облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» жолы мерзімінен бұрын жөнделеді"
description: "Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда. Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда."
author: "journalist_n"
published: "2025-09-11T13:09:54+00:00"
modified: "2025-09-11T14:55:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblystyk-manyzy-bar-narynkol-sumbe-zholy-merziminen-buryn-zhondeledi-1017174"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblystyk-manyzy-bar-narynkol-sumbe-zholy-merziminen-buryn-zhondeledi-1017174/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» жолы мерзімінен бұрын жөнделеді

> Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда. Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда.

Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда. Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/17/ae6cfbc1c42891c92d8405b3ff21fa1c.jpg?width=1280&height=640) Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, жоспар бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Мердігер компанияның мәліметінше, жолшылар жұмысты белгіленген мерзімнен ерте бітіреді.**L-VESA** құрылыс компаниясы директорының орынбасары Алексей Фоминнің айтуынша, бүгінде жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған:«Біз «Нарынқол – Сүмбе» жолына орташа жөндеу жүргізіп жатырмыз. Жөндеуден өтетін учаскенің жалпы ұзындығы – 38 шақырым. Қазіргі уақытта 11 шақырымы ғана қалды. Жаңа жабынның қалыңдығы – 6 сантиметр. Жұмысты осы айда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысанда 18 жұмысшы және грейдер, самосвалдар мен ескі асфальтты қырып, жаңасын төсеуге арналған 8 арнайы техника жұмылдырылған».Жобаның жалпы құны **1,9 млрд теңгені** құрайды. Жөндеу жұмыстарының сапасы мен барысына «КазАрт-Құрылысы» ЖШС техникалық қадағалау жүргізуде.[дереккөз](https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1066154?lang=kk)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblystyk-manyzy-bar-narynkol-sumbe-zholy-merziminen-buryn-zhondeledi-1017174](https://yvision.kz/kk/post/oblystyk-manyzy-bar-narynkol-sumbe-zholy-merziminen-buryn-zhondeledi-1017174)