---
title: "Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен танысты"
description: "Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Облы..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-25T04:22:55+00:00"
modified: "2015-09-25T04:22:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zhits-ortaly-yny-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyamen-tanysty-548351"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zhits-ortaly-yny-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyamen-tanysty-548351/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен танысты

> Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Облы...

![Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен танысты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/8c6Qqh0RdJs6m90pCzjb5rj0yvb5XI.jpg)

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының әкімшілігі мен қызметкерлеріне ақпараттық кездесу ұйымдастырды.

Департамент қызметкерлері медицина мамандарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мақсаты және міндеті, мемлекеттік басқару, сот және құқық қорғау жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі елімізде қабылданатын шаралар, халықтың жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ, Орталық ұжымы 10 жылдық мерзімге көзделген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысына ерекше қызығушылықтарын танытты.

![Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен танысты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/47H8yutx7ni3nxY38C9CX5lOt5CNPc.jpg)

Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жүйелі қылмыстарды анықтау және алдын алуда азаматтардың қатысуы маңызды болғандықтан, қоғамның белсенділік танытулары да сөз болды.

Ал кәсіпкерлік қызметте жемқорлық тәуекелдерін төмендету және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін электронды үкіметтің, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын енгізу шарасы орынды деп танылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы талқылау барысында кездесуге қатысушылар жемқорлыққа қарсы күресті түбегейлі өзгерту қажеттігін атап өтті.

![Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен танысты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/9ALdeFq2eYa34wx31wlC2FQ67DrlI5.jpg)

Шара соңында жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген бейне роликтер көрсетіліп, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы таныстырылды.

Мемлекеттік сыңайлы сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг бойынша қоғамдық пікірді анықтау мақсатында, мекеме қызметкерлері арнайы әлеуметтік сауалнамаға жауап берді.

![Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен танысты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/4bAG0PGh1DwM0KJ68x4D68ccG9ZYik.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zhits-ortaly-yny-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyamen-tanysty-548351](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zhits-ortaly-yny-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyamen-tanysty-548351)