---
title: "Облыстық жаңалықтар"
description: "Қоңыр әулиенің төрінде Шығыс Қазақстан облыстық \"Жасыл ел\" жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдасты..."
author: "Bakhyt_Asenova"
published: "2011-08-25T22:46:48+00:00"
modified: "2011-08-25T22:46:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zha-aly-tar-186629"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zha-aly-tar-186629/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық жаңалықтар

> Қоңыр әулиенің төрінде Шығыс Қазақстан облыстық "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдасты...

**Қоңыр әулиенің төрінде**

Шығыс Қазақстан облыстық "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдастыруымен Абай ауданындағы қасиетті "Қоңыр әулие" үңгіріне екі күндік "Туған жер - қасиетті мекенім" атты саяхат ұйымдастырылды.

![Облыстық жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/N0245Cg396c3CnC6yEhCw3rc2Fozvt.jpg)

Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі туризм саласы екені сөзсіз. Ұлан-байтақ қазақ жерінің туристік тұрғыдан орманды даласы да, таулы-тасты өңірі де тартымды. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы қасиетті "Қоңыр әулие" өңірін көзбен көріп, көңілін бірлеп қайтуға құштар жандар саны жыл санап артып келе жатыр.

![Облыстық жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/ofzr6SlyZGFbTpV0TM75q0UNFWfZrL.jpg)

![Облыстық жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/EB6dd1kHAW0rse6Ejs2F2yIwSk35QF.jpg)

Киелі тау бөктері адам жанын рухани тазартып, ағзаға күш беретін қасиеттерге ие. Сол жердегі бұлақтың суы да көптеген ауруларға емдік қасиеті жоғары екендігін білеміз. Осындай "дертке дауа-жанға шипа" болатын қасиетті мекенге еліміздің түпкір-түпкірінен және шет елдерден келетін туристер саны жылдан-жылға көбейіп келеді.

![Облыстық жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/Zia3IM7Lzx84rlHJXLah69LYMplCyw.jpg)

Сол себептен Қасиетті Ораза айында осындай бастама көтеріп отырған "Жасылелдіктер" 2 күн көлемінде туған өлкенің тарихынан зор мағлұмат алып, қасиетті жерді қоқыстардан тазартып, сенбілік өткізген болатын.

![Облыстық жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/9Hs3It3xOnw9647Y8BApW58K38is18.jpg)

Іс-шараны ұйымдастырушы ШҚО "Жасыл ел" еңбек жасақтары штабының жетекшісі М.Е.Шаменовтың айтуынша: "Басты мақсатымыз - табиғатты аялай отырып, жастардың басым көпшілігі барып демалатын киелі жерді қоқыстан тазарту болатын. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттыру көзделді".

![Облыстық жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/wQV74VTx9leJ6KAnrqhE4orF4Got5N.jpg)

Іс-шараға 50-ден астам "Жасыл ел" сарбаздары қатысқан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zha-aly-tar-186629](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-zha-aly-tar-186629)