---
title: "Облыстық мониторингтік тобының кезектен тыс отырысы өтті"
description: "2018 жылдың 1 тамызында Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халықтар ассамблеясының мәжіліс залында ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-08-03T11:21:15+00:00"
modified: "2018-08-03T11:21:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-monitoringtik-tobyny-kezekten-tys-otyrysy-tti-811523"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-monitoringtik-tobyny-kezekten-tys-otyrysy-tti-811523/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық мониторингтік тобының кезектен тыс отырысы өтті

> 2018 жылдың 1 тамызында Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халықтар ассамблеясының мәжіліс залында ...

2018 жылдың 1 тамызында Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халықтар ассамблеясының мәжіліс залында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы облыстық мониторингтік тобының кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысындағы медицина саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды.

Отырыста арнайы мониторингтік топтың мүшесі Колпаков В.С. «Батыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері қызметінің мониторингінің алдын ала қорытындысы» туралы баяндады. Сонымен қатар БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төсекбаев Қ.Д. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының азаматтық қоғам институттарымен қарым қатынасы және пациенттермен кері байланысты орнату» туралы баяндама жасады.

Медициналық мекемелерде жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша берілген ескертулерді жою туралы, азаматтық қоғам институттарымен қарым қатынасы және пациенттермен кері байланысты орнату туралы Орал қаласының №2 емханасының директоры Ажгулова К.М. және Зеленов аудандық ауруханасының директоры Ислямов Г.Г. баяндамалар жасады.

Отырыс барысында БҚО денсаулық сақтау басқармасының және облыстағы денсаулық сақтау ұйымдары басшылары медициналық мекемелерге енгізілген медициналық қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтармен таныстырды. Мысалы, бұдан былай емделушінің электронды құжаты іске қосылатын болады. Емделушінің алған барлық ем түрлері онлайн түрде ақпараттық базада сақталатын болады. Емделушіде басқа дәрігерге көріну қажеттігі туындаса, қағаз түріндегі амбулаториялық картаның қажеті болмайды. Сонымен қатар медициналық қызметтер алу кезіндегі әкімшілік және басқа да кедергілер туралы мәселелер көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тиісті жауаптар берілді.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Орал қалалық №5 емханасында ахуалдық орталық құрылды (тел: 918060). Онда клиентке бағдарланған қызмет көрсету приципінде жұмыс жасайтын жаңартылған колл-орталық іске қосылды. Сондай-ақ ахуалдық орталықта емхананың жұмысы туралы онлайн-режимде толық ақпарат беріледі. Осындай оң өзгерістер облыстың барлық емханаларына тарату, емханалардың инфрақұрылымын жақсарту алға қойылған басты міндеттердің бірі болып белгіленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-monitoringtik-tobyny-kezekten-tys-otyrysy-tti-811523](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-monitoringtik-tobyny-kezekten-tys-otyrysy-tti-811523)