---
title: "Облыстың мемлекеттік органдарынының персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді"
description: "2015 жылдың 22 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аге..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-22T08:59:21+00:00"
modified: "2015-04-22T08:59:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-memlekettik-organdarynyny-personaldy-bas-aru-yzmetini-yzmetkerlerini-atysuymen-seminar-ke-es-493478"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-memlekettik-organdarynyny-personaldy-bas-aru-yzmetini-yzmetkerlerini-atysuymen-seminar-ke-es-493478/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстың мемлекеттік органдарынының персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

> 2015 жылдың 22 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аге...

![Облыстың мемлекеттік органдарынының персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Z5pyTTpbVmZ14B0buhUkwTFIe9bO8G.jpg)

2015 жылдың 22 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ««Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін мемлекеттік органдарда енгізудің барысы және мемлекеттік органдардағы кадрмен қамтамасыз ету жағдайы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске орталық мемлекеттік органдардың облыстағы аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті департамент басшысының орынбасары Н.Сүйінбаев ашып, орталық мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу барысы туралы айтып өтті. Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш өз баяндамасында 2015 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің кадр резервімен жұмыс жасау туралы, қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өту, мемлекеттік органдардағы ауысушылық деңгейі мәселелеріне назар аударды.

Семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан ««Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізудің барысында туындап отырған сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, олардың барлығына қажетті жауаптар беріліп, семинарға қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар ескерілетіндігі жеткізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-memlekettik-organdarynyny-personaldy-bas-aru-yzmetini-yzmetkerlerini-atysuymen-seminar-ke-es-493478](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-memlekettik-organdarynyny-personaldy-bas-aru-yzmetini-yzmetkerlerini-atysuymen-seminar-ke-es-493478)