---
title: "Облыстың медициналық ұйымдарының қызметкерлерімен кеңес"
description: "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы базасында ағымдағы жылдың 27 ақпанында медиц..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-03-13T05:08:52+00:00"
modified: "2019-03-13T05:08:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-medicinaly-yymdaryny-yzmetkerlerimen-ke-es-828196"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-medicinaly-yymdaryny-yzmetkerlerimen-ke-es-828196/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстың медициналық ұйымдарының қызметкерлерімен кеңес

> Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы базасында ағымдағы жылдың 27 ақпанында медиц...

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы базасында ағымдағы жылдың 27 ақпанында медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары облыстың медициналық мекемелерінің қызметкерлерімен кеңес өткізді. Департамент басшысының орынбасары А.Қ. Душанова және №4 МӘС бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова баяндамамен сөз сөйледі: 1. 2018 жылғы МӘС жұмысын талдау. МӘС жаңғырту. 2. 2018 жылға медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберу. Медициналық ұйымдардың басшыларына МӘС-да медициналық құжаттарды толтыру сапасын, МӘС-ға жіберудің негізділігін бақылауды күшейту тапсырылды. Медициналық ұйымдардың басшыларына, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін бейінді мамандар: 1) объективті мәртебені міндетті түрде сипаттай отырып, мамандардың қорытынды беруді анық жазумен қамтамасыз ету (088/у нысанын толтыру кезінде қажет). 2) пациенттерге бейінді мамандардың құзыретіне кірмейтін ұсынымдарды беруге жол бермеу, атап айтқанда қорытындыны - «МӘС-ке жіберу» өйткені аталған қорытынды "ятрогенді шағымдарды" болдырмау үшін ДКК немесе МӘС-тің құзыретіне жатады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-medicinaly-yymdaryny-yzmetkerlerimen-ke-es-828196](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-medicinaly-yymdaryny-yzmetkerlerimen-ke-es-828196)