---
title: "Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстарымен танысу"
description: "Облыстық маңызы бар « Құрманғазы – Приморье – Бірлік – Котяевка » автомобиль жолдарын қайта жаңғыр..."
author: "kurmangazy.nurotan.kz"
published: "2020-11-25T05:51:19+00:00"
modified: "2020-11-25T05:51:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-ma-yzy-bar-avtomobil-zholdaryn-ayta-zha-yrtu-boyynsha-at-aryl-an-zh-mystarymen-tanysu-878384"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-ma-yzy-bar-avtomobil-zholdaryn-ayta-zha-yrtu-boyynsha-at-aryl-an-zh-mystarymen-tanysu-878384/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстарымен танысу

> Облыстық маңызы бар « Құрманғазы – Приморье – Бірлік – Котяевка » автомобиль жолдарын қайта жаңғыр...

Облыстық маңызы бар « Құрманғазы – Приморье – Бірлік – Котяевка » автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстарымен танысу үшін, «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссия мүшелері және аудандық мәслихат депутаттарынан комиссия құрылып, жол құрылысының сапасын және бөлінген Бюджет қаржысының игерілуі жөнінде «Бекет Сат Жол» мекемесі 2020 жылдың 19 қарашысы күні тексерілді.

![Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстарымен танысу](https://storage.yvision.kz/images/user/443449/a221278a406b60635021875908fef2.jpg)

Комиссия құрамында:

1. Б.Кенжебаев –«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы жанындағы құрылған Партиялық бақылау комиссия төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, комиссия жетекшісі;

2. Ө. Есенғазиев – «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі;

3. А.Хашуова- аудандық мәслихат депутаты;

4. Ж.Ғұмаров – аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы;

5. А.Ажгалиев – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

6. Құрманғазы,Теңіз,Бірлік ауылдық округтерінің әкімдері;

7. Е.Қалижан – аудандық «Serper» газетінің ІІ-ші дәрежелі тілшісі қатысты.

![Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстарымен танысу](https://storage.yvision.kz/images/user/443449/b559cde4837c3aeeaaeeebdc131c94.png)

Комиссия мүшелері «Құрманғазы – Бірлік» аралығында жол жаңғырту жұмыстарымен танысты.Жалпы жол ұзындығы – 26 км.

Қаржы көлемі - 4 302 951,0 мың теңге

Мердігер мекеме - « БекетСатЖол » ЖШС.

Басталу мерзімі – 2018 ж. шілде айы

Аяқталу мерзімі - 2020 ж. қазан айы

Тапсырыс беруші – «Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарушы» ММ-сі

2020 жылға дейін 3 062 900,0 теңге қаржы бөлініп, игерілген.2020 жылға бөлінген қаржы 1 240 051,0 мың теңге.Күні бүгінге қаралып отырған,қаражат толық игерілген жоқ.Аталған 26 км жолдың 17 шақырымы 1 қабатты – ірі түйіршекті асфальты және 2,5 км жолға 2-ші қабатта уақ түйіршекті асфальты төселді. Қалған 6 км жолдың, қазіргі уақытта 600 метр негізі табаны дайын тұр.Жол бойындағы 10 автомобильдік көпірі күрделі жөндеуден өткен,сонымен бірге 7 су өткізу тюбенгтердің 6 ауыстырылды. Биылғы маусымдық жұмыстың соңына дейін дайындалған барынша жол табандарын – ірі түйіршекті асфальтпен қамту жоспарлануда. Жұмыс бағыты мердігер мекеменің тарапынан бір келкі атқарылуда.Жұмыс басында адам, техника жеткілікті.Атқарылған жұмыстарға комиссия мүшелері оң баға бере отырып, айналма жолды 15 күн сайын жөндеп бірқалыпта ұстауға мердігер мекеме басшыларына ұсыныс берді. Бұл жұмыстар партияның бақылау комиссиясы назарында болатыны қаперлеріне берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-ma-yzy-bar-avtomobil-zholdaryn-ayta-zha-yrtu-boyynsha-at-aryl-an-zh-mystarymen-tanysu-878384](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-ma-yzy-bar-avtomobil-zholdaryn-ayta-zha-yrtu-boyynsha-at-aryl-an-zh-mystarymen-tanysu-878384)