---
title: "Облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғындарды қабылдады."
description: "Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде, облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғынд..."
author: "zko.nurotan.kz"
published: "2021-06-23T12:20:47+00:00"
modified: "2021-06-23T12:20:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-deputaty-ser-aliev-n-rlan-habibolla-ly-t-r-yndardy-abyldady-939697"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-deputaty-ser-aliev-n-rlan-habibolla-ly-t-r-yndardy-abyldady-939697/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғындарды қабылдады.

> Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде, облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғынд...

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде, облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғындарды қабылдады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/1029981b5f73dd764ce6380e37adec.jpg)

Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/563233d0c0e5ffaa9e1400319c6d95.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/f8db6b827942d67585c901cbbdf39d.jpg)

Қабылдау барысында келген тұрғын ірі қара малын қарау мәселесін айта келді. Қабылдауға келген азаматтың жолдасының денсаулығы сыр бергендіктен, төсек тартып жатып қалған. Ірі қара малды бағуға өздерінің мүмкіндіктері жеткіліксіз. Сол себепті, облыстық маслихат депутаттың көмегіне зәру екенін айтып жолықты. Аталған мәселе бойынша Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдап, кері байланыс орнату үшін толық деректері жазылып алынды. Сонымен қатар заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді.

Қабылдауға келген тағы бір азаматша көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегінің мәселесімен жолықты. Оның айтуы бойынша тұрғын үй кезегінде шамамен 279 орында, ал кезек өте баяу жүруде. Қазіргі уақытта анамыз жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Алайда үй қожайыны үйді босатуларын талап етті. Тұрғынымыз облыстық маслихат депутатынан уақытылы тұруға арналған пәтер қарастыруға көмек сұрады. Анамыздың барлық байланыс деректері жазылып алынып, мәселе бойынша тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданды.

Облыстық маслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-deputaty-ser-aliev-n-rlan-habibolla-ly-t-r-yndardy-abyldady-939697](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-deputaty-ser-aliev-n-rlan-habibolla-ly-t-r-yndardy-abyldady-939697)