---
title: "Облыстық мәслихатқа үміткерлер Томарлы, Ақсай, Ақжар ауылдарының тұрғындарымен кездесті"
description: "«Nur Otan» партиясының бесжылдық жоспарының басым бағыттарымен таныстырған үміткер олардың ұсыныс-ті..."
author: "atyrau.obl.nurotankz"
published: "2021-01-04T10:44:40+00:00"
modified: "2021-01-04T10:46:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-a-mitkerler-tomarly-a-say-a-zhar-auyldaryny-t-r-yndarymen-kezdesti-908517"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-a-mitkerler-tomarly-a-say-a-zhar-auyldaryny-t-r-yndarymen-kezdesti-908517/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық мәслихатқа үміткерлер Томарлы, Ақсай, Ақжар ауылдарының тұрғындарымен кездесті

> «Nur Otan» партиясының бесжылдық жоспарының басым бағыттарымен таныстырған үміткер олардың ұсыныс-ті...

«Nur Otan» партиясының бесжылдық жоспарының басым бағыттарымен таныстырған үміткер олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Әсел Бауыржанқызы партияның таяу бес жылдыққа жоспарланған перспективалы жоспарында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін тиімді шешу жолдары қарастырылғанын атап, түсінік берді.

– Биыл бірінші рет партиялық іріктеу – праймериз өткізілді. Сол додаға қатысқан кезден бастап, үміткерлер әр кездесу барысында тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс, пікірлер, сұрақтарды орталыққа жолдау арқылы, сайлауалды бағдарламаның жан-жақты тақырыптарды қамтуына септесті. Сіз атаған мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар «Nur Otan» партиясының бағдарламасында айқын көрініс тапқан. Жоспарлы іс-шаралар нәтижесінде 2025 жылға дейін жастар жұмыссыздығын 2,2 пайызға дейін төмендету көзделген, – деді ол.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Сайлау 2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-a-mitkerler-tomarly-a-say-a-zhar-auyldaryny-t-r-yndarymen-kezdesti-908517](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-m-slihat-a-mitkerler-tomarly-a-say-a-zhar-auyldaryny-t-r-yndarymen-kezdesti-908517)