---
title: "Облыстық кәсіпорындар субсидияға мұқтаж"
description: "Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, өңіріміздің өңдеуші к..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-15T00:34:31+00:00"
modified: "2015-09-15T00:34:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-k-siporyndar-subsidiya-a-m-tazh-540450"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-k-siporyndar-subsidiya-a-m-tazh-540450/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық кәсіпорындар субсидияға мұқтаж

> Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, өңіріміздің өңдеуші к...

![Облыстық кәсіпорындар субсидияға мұқтаж](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2hpL90Ho83BZ7cbwOwBwFyRA7f2VdW.jpg)

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, өңіріміздің өңдеуші кәсіпорындарына субсидиялардың уақытылы төленбеуі мәселелері бойынша облыстық Кәсіпкерлер палатасындағы өткен кеңеске қатысты.

Мәселен, Кәсіпкерлер палатасының директоры ресей рублі курсының түзетілуіне байланысты, облысымыздың сүт өңдеу саласы өткен жылдан бері қиыншылық көруде деп наразылығын білдірді. Кәсіпорындарға сүтті сатып алу, несиелерді қайтару, реттелген өндіріс жүргізу үшін бос айналым қаражаты тапшы. Осыған байланысты 2014 жылдан бастап, «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында, өңдеу кәсіпорындарының шикізат алудағы шығындарын өтеуді мемлекет өз мойнына алған еді.

Десек те, өңіріміздің сүт өңдеу кәсіпорындарына 2014 жылдың 4 тоқсаны және 2015 жылдың 1 мен 2 тоқсандары үшін субсидия қазіргі уақытқа дейін төленбеген.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, аталған бағыттағы субсидияны төлеу, тек 2015 жылдың желтоқсан айына көзделіп отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында, ауыл шаруашылық басқармасының басшысына кәсіпкерлердің алдындағы борышын өтеу бойынша шұғыл шара қабылдау ұсынысы жасалды. Өйткені өндіріс тоқтап қалмау үшін, субсидияның уақытында берілгені өте маңызды. Қазіргі таңда аталған кәсіпорындарға 40 мыңнан астам сүт тапсырушы бар, ал басым бөлігінің табыс көзі – сатылған сүттің ақшасы екендігі айдан анық.

Сондықтан, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті бұл мәселені өз бақылауына алды.

![Облыстық кәсіпорындар субсидияға мұқтаж](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/7w9LXsHmop1a5if2hk5R2M62742BJu.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-k-siporyndar-subsidiya-a-m-tazh-540450](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-k-siporyndar-subsidiya-a-m-tazh-540450)