---
title: "Облыстық білім басқармасы ұжымымен семинар-кеңес өткізілді."
description: "Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және м..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-02-26T06:25:18+00:00"
modified: "2015-02-26T06:25:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-bilim-bas-armasy-zhymymen-seminar-ke-es-tkizildi-475655"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-bilim-bas-armasy-zhymymen-seminar-ke-es-tkizildi-475655/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық білім басқармасы ұжымымен семинар-кеңес өткізілді.

> Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және м...

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында облыстық білім басқармасы ұжымына Департамент қызметкерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-bilim-bas-armasy-zhymymen-seminar-ke-es-tkizildi-475655](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-bilim-bas-armasy-zhymymen-seminar-ke-es-tkizildi-475655)