---
title: "Облыстық ауруханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-11-18T00:00:31+00:00"
modified: "2015-11-18T00:00:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-auruhanada-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t-sindirildi-644566"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblysty-auruhanada-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t-sindirildi-644566/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыстық ауруханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **15 қазанында облыстық аурухананың** конференц-залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.

Семинарға дәрігерлер, медбикелер және азаматтық қызметшілер қатысты.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** ұстаздарға іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты **Ақмарал Сванбаева** «Әлеуметтік құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлық түсінігі және жемқорлыққа төзбеушілік идеясы» тақырыптарында дәріс оқыды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының [www.anticorruption-mangystau.kz](http://www.anticorruption-mangystau.kz) ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Облыстық ауруханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/FfaqHydonQrOSnuWjCtmP0yF35NuGl.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblysty-auruhanada-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t-sindirildi-644566](https://yvision.kz/kk/post/oblysty-auruhanada-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t-sindirildi-644566)