---
title: "Облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды"
description: "Ағымдағы жылдың 16-20 қыркүйек күндері аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жеде..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-09-15T22:37:08+00:00"
modified: "2016-09-15T22:37:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblys-auma-ynda-t-ngi-alada-y-balalar-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-bastaldy-712132"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oblys-auma-ynda-t-ngi-alada-y-balalar-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-bastaldy-712132/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

> Ағымдағы жылдың 16-20 қыркүйек күндері аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жеде...

Ағымдағы жылдың 16-20 қыркүйек күндері аралығында республика көлемінде **«Түнгі қаладағы балалар»** жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады.

**Іс-шараның негізгі мақсаты –** жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын, оның ішінде түнгі уақытта жасалатын қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ, жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін қадағалау, олардың түнгі уақыттарда ойын-сауық орындарда болуына жол бермеу, жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау болып табылады.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, ата-аналар комитеттері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қатыстыру жоспарланып отыр.

Іс-шара аясында көңіл көтеретін орындарда, ойын клубтарында, үй-жайлар мен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда арнайы рейдтер ұйымдастырылатын болады.

 
 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oblys-auma-ynda-t-ngi-alada-y-balalar-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-bastaldy-712132](https://yvision.kz/kk/post/oblys-auma-ynda-t-ngi-alada-y-balalar-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-bastaldy-712132)