---
title: "Объектілерде мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз, қолжетімді орта құру бойынша ЖАДНАМА"
description: "2015 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Мүгедектердің құқықтар..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2020-06-04T12:33:04+00:00"
modified: "2020-06-04T12:33:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/obektilerde-m-gedektigi-bar-adamdar-shin-kedergisiz-olzhetimdi-orta-ru-boyynsha-zhadnama-858448"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/obektilerde-m-gedektigi-bar-adamdar-shin-kedergisiz-olzhetimdi-orta-ru-boyynsha-zhadnama-858448/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Объектілерде мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз, қолжетімді орта құру бойынша ЖАДНАМА

> 2015 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Мүгедектердің құқықтар...

2015 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектердің жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, олардың елдің саяси, қоғамдық және мәдени өміріне қатысуы үшін мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді құқықтық тетіктерін жасау жөнінде барлық тиісті шараларды қабылдауы тиіс.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 25 бабы - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар ұлттық стандарттарға сәйкес мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына жағдай жасауға мiндеттi.

Осы мақсатта тұрғындар арасында тарату үшін объектіде кедергісіз, қолжетімді орта құру бойынша жаднама әзірленді. Осы жаднамада халықтың қауқары аз топтары үшін объектінің қол жетімділігіне қойылатын негізгі талаптар қарастырылған.

Барлық қолжетімділік бойынша іс-шаралар 3.06-101-2012 ҚР Ережелер жинағында толық көрсетілген, Сіз Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің https://beta.egov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay веб-сайтынан таба аласыз.

Сонымен қатар, мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік шарасы қарастырылған.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады: «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ, 408 каб., тел. 8 (7142) 50-29-83, қабылдау бөлмесінің тел. 8 (7142) 50-04-17, эл. мекенжайы: a.doschanova@enbek.gov.kz.

--------------------------------------------------------------

20 февраля 2015 года Первым Президентом Республики Казахстан Н. Назарбаевым подписан Закон «О ратификации Конвенции о правах инвалидов».

Согласно Конвенции государства-участники должны предпринимать все надлежащие меры по созданию эффективных правовых механизмов обеспечения прав лиц с ограниченными возможностями, для обеспечения достаточного жизненного уровня инвалидов, участия их в политической, общественной и культурной жизни страны.

В соответствии со статьей 25 Закона «О социальной защите инвалидов в РК»- физические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность, а также юридические лица в соответствии с национальными стандартами обязаны создавать условия инвалидам для беспрепятственного доступа к транспортным средствам общего пользования, жилым, общественным и производственным зданиям, сооружениям и помещениям, свободной ориентации и передвижения в аэропортах, железнодорожных вокзалах, автовокзалах, автостанциях, морских и речных портах.

С этой целью разработана памятка по созданию на объектах безбарьерной, доступной среды для распространения среди населдения. В данной памятке предусмотрены основные требования к доступности объекта для маломобильных групп населения.

Более подробно все мероприятия по доступности указаны в Своде Правил РК СП РК 3.06-101-2012, которые вы можете найти на веб-сайте Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области https://beta.egov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay в разделе документы.

Кроме того, за необеспечение инвалидам доступа к объектам социальной и транспортной инфраструктуры предусмотрена мера административной ответственности в соответствии с Кодексом РК об административных правонарушениях в виде штрафа.

По всем интересующим вопросам можно обращаться:

РГУ «Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области» . КАсымканова, 34 каб.408. тел. 8(7142) 50-29-83

тел.приемной 8(7142) 50-04-17, эл. адрес: a.doschanova@enbek.gov.kz.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/obektilerde-m-gedektigi-bar-adamdar-shin-kedergisiz-olzhetimdi-orta-ru-boyynsha-zhadnama-858448](https://yvision.kz/kk/post/obektilerde-m-gedektigi-bar-adamdar-shin-kedergisiz-olzhetimdi-orta-ru-boyynsha-zhadnama-858448)