---
title: "ОАР-да діни конференцияға бара жатқан 45 адам жол..."
description: "Діндарларды Ботсванадан Оңтүстік Африка Республикасының Лимпопо провинциясындағы Пасхалдық конференцияға апара жатқан автобус көпірден құлаған. Жол апатынан 45 адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды. Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай,..."
author: "orazali"
published: "2024-03-29T04:51:54+00:00"
modified: "2024-03-29T05:01:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oar-da-dini-konferenciya-a-bara-zhat-an-45-adam-zhol-apatynan-aza-tapty-1002785"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oar-da-dini-konferenciya-a-bara-zhat-an-45-adam-zhol-apatynan-aza-tapty-1002785/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОАР-да діни конференцияға бара жатқан 45 адам жол...

> Діндарларды Ботсванадан Оңтүстік Африка Республикасының Лимпопо провинциясындағы Пасхалдық конференцияға апара жатқан автобус көпірден құлаған. Жол апатынан 45 адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды. Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай,...

*Діндарларды Ботсванадан Оңтүстік Африка Республикасының Лимпопо провинциясындағы Пасхалдық конференцияға апара жатқан автобус көпірден құлаған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/a88e4c21ca2da3d96e3a09ef502d86.jpg)

Жол апатынан 45 адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды.

Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жартастар арасындағы көпірдің жақтауына барып соққан. Соның салдарынан көлік аударылып кетеді. Сосын ол өртенген.

Тірі қалған 8 жасар қыз екен. Ол әуе көлігімен ауруханаға жеткізілген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oar-da-dini-konferenciya-a-bara-zhat-an-45-adam-zhol-apatynan-aza-tapty-1002785](https://yvision.kz/kk/post/oar-da-dini-konferenciya-a-bara-zhat-an-45-adam-zhol-apatynan-aza-tapty-1002785)