---
title: "Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас"
description: "А.ж. 18 сәуір күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Атбасар қа..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-26T03:43:33+00:00"
modified: "2017-04-26T03:43:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-arasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-pikirtalas-764888"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-arasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-pikirtalas-764888/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас

> А.ж. 18 сәуір күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Атбасар қа...

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_80.jpg)

А.ж. 18 сәуір күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Атбасар қаласының №8 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында пікірталас өтті.

Пікірталастың мақсаты – оқушылардың өз пікірін еркін жеткізіп, оны дәлелдеу қабілетін дамыту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінде шыдамдылық пен құқықтық мәдениетке дағдыландыру, өз еліне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара барысындағы оқушылардың ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың үлесі бірінші кезекте болуы тиіс. Жалпы, пікірталас түрінде өтетін шаралар қызықты әрі пайдалы. Бұл өзінің оңтайлы нәтижесін береді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен жақынырақ танысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-arasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-pikirtalas-764888](https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-arasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-pikirtalas-764888)