---
title: "Оқушыларға үй тапсырмасын азайту қажеттігі неден туып отыр?"
description: "Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беру процесіне және соның ішінде оқушылардың денсаулығына қ..."
author: "MON_RK"
published: "2017-06-12T01:25:29+00:00"
modified: "2017-06-12T01:25:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-a-y-tapsyrmasyn-azaytu-azhettigi-neden-tuyp-otyr-769678"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-a-y-tapsyrmasyn-azaytu-azhettigi-neden-tuyp-otyr-769678/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оқушыларға үй тапсырмасын азайту қажеттігі неден туып отыр?

> Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беру процесіне және соның ішінде оқушылардың денсаулығына қ...

Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беру процесіне және соның ішінде оқушылардың денсаулығына қатысты қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселелерге айрықша назар аударатыны белігілі. Қазақстан мектептерінің тарихында бірінші рет министрлік деңгейінде оқушыларға берілетін үй жұмысын азайтуға бағытталған құжат қабылданып отыр.Бүгінгі әңгіме қазақстандық оқушылардың үй тапсырмасын ұйымдастыру және мөлшерлеу туралы болмақ. Төменде беріліп отырған бейнеролик оқушылардың үй жұмысын орындауы кезіндегі жүктемені төмендету мәселесін талқылауға көмектесу мақсатымен шығарылған. Онда “Ақпараттық-аналитикалық орталық” АҚ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Елдос Нұрланов жалпы білім беретін мектептердегі үй жұмысын орындауды ұйымдастыруға қатысты әдістемелік жобаны ұсынады.2017 жылғы 24 сәуір күні Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұйрық шығарып, республика мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау бойынша әдістемелік ұсыныстарды бекітті. Оқушылардың үй тапсырмасын орындау процесін тиімді етіп оңтайландырудың шешімін табу жұмыстарына жарты жылға жуық уақыт жұмсалды. Осы уақытта үш мыңға жуық респондент арасында әлеуметтік сұрау салынып, жұмысшы тобы құрылды, осы топ жоғарыдағы жобаны жасап шықты.Әдістемелік ұсыныстар жобасын дайындау кезінде халықаралық тәжірибе де зерттелді, сонда байқағанымыз, бұл мәселе әлемнің көптеген елдері үшін өзекті екен. Қалай болғанда да, барлық елдерде үй тапсырмасы беріледі. Алайда, балалардың үй тапсырмасын орындауына жұмсалатын уақыт біртіндеп азайып келеді.15 жастағы оқушылардың жетістігін халықаралық бағалау нәтижесі Қазақстанның үй тапсырмасын мейлінше көп беретін елдердің қатарында екенін және әлемдік рейтингте төртінші орында тұрғанын көрсетті (Алғашқы үш орын Қытай, Ресей және Сингапурға тиесілі). Үй тапсырмасының ауқымды болуы балалардың үлгеріміне оң ықпал етпейтіні өз алдына, олардың танымдық белсенділігі мен денсаулығына да кері әсер етеді.Еліміздің сегіз өңірінде жүргізілген сұрау нәтижесі көрсеткендей:- оқушылардың 61,8%-ы үй тапсырмасын орындаудан шаршайды;- оқушылардың 48%-ы үй тапсырмасын толық орындамайды, себебі бір күнге өте көп тапсырма беріледі;- 8-12-сыныптарда оқитын оқушылардың 47,3%-ы жазбаша үй тапсырмаларын азайтуды өтінеді;- ата-аналардың 65,5%-ы үйге берілетін тапсырмалар арқылы балаларға жүктемені көп бермеуді өтінеді.Үй тапсырмасының көлемін азайту туралы шешімді ата-аналар да, оқушылар да, мұғалімдер де бірауыздан қолдады. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, министрліктің жұмысшы тобы үй тапсырмасының көлемін оңтайландыру шешімін ұсынды. Қазір үш негізгі шешім бойынша жұмыс жүріп жатыр, олар:1. Әр сынып бойынша бір күнде (аптада) үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын уақытты қысқарту.2. Бір күнде әр пән бойынша үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақытты есептеу әдісін енгізу.3. Балалардың үлгерімін нашарлатпай, үй тапсырмасын азайтуға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсілдерді пайдалану.Мұның барлығы Әдістемелік ұсыныстар жобасының екі нұсқасына да енді (екеу болатын себебі, жұмысшы тобы алғашқы үш шешімді жүзеге асырудың екі жолын ұсынып отыр). Мұғалімдер мен педагогика ұжымдары екі нұсқаны да талқылап, өздерінің ұсыныстарын келесі сайттардың біріне жіберуі тиіс болатын (ҚР Білім және ғылым министрлігі — http://edu.gov.kz/, “Ақпараттық-аналитикалық орталық” АҚ» — http://iac.kz/, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы – http://nao.kz/). Осылайша, қорытынды құжатқа әрбір мұғалім және мектеп өз ұсынысын енгізе алды.Мамандардың көпшілігі таңдаған Әдістемелік ұсыныстар жобасын бірнеше ұйым жасады, атап айтқанда:- Ақпараттық-аналитикалық орталық;- Назарбаев зияткерлік мектептері;- Қарағанды облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы;- Халықаралық «Нұрорда» мектебі;- Сондай-ақ, 8 аймақтағы мектептердің өкілдері.Дамыған елдердің тәжірибесі орындауға екі сағаттан артық уақыт жұмсалатын үй тапсырмалары тиімсіз екенін көрсетіп отыр. Сондықтан ол елдерде “10 минут ережесі” кеңінен қолданылады: әр сыныпқа өткен сайын (жыл сайын) үй тапсырмасын орындауға берілетін уақытқа 10 минуттан қосылып отырады. Сонда мектеп бітіретін кездің өзінде үй тапсырмасына жұмсалатын уақыт екі сағаттан аспайды.Егер Қазақстандағы және дамыған елдердегі бір аптада берілетін үй тапсырмасының көлемін салыстыратын болсақ, біздің елімізде ол екі есеге жоғары. Осыған орай жоба авторлары үй тапсырмасының бір күндік мөлшерін шамамен 40%-ға қысқартуды ұсынды.Бүгінгі күні қолданыстағы “Білім беру нысандарына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптарға” (2014 жылғы 29 желтоқсандағы) жеке тоқталған жөн. Онда әр сынып бойынша үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын жалпы уақыт белгіленген. Ұсынылған мөлшерге жету үшін 2-3-сыныптардан 45 минуттан, ал басқа сыныптардан бір сағаттан қысқартуға тура келеді.Бүгінгі таңда сағат мөлшеріне қойылатын санитарлық талаптардың толыққанды сақталмайтынын түсіну керек. Онда көлем және пәндердің қиындық кестесі бар болғанымен, әр сыныпта әр пәнге қатысты уақытын есептеуді пайдалану әдістемесі жоқ. Нәтижесінде мұғалімдердің 78%-ы өз пәндері бойынша берілетін үй тапсырмасын ешкіммен келіспейді.Тағы бір мәселе: пәндердің қиындық кестесі олардың мазмұнына және балалардың жасына сәйкес келмейді. Мәселен, күрделілік критерийлері бойынша информатика мен биология физика және химия пәндерімен бір топта берілген. Кесте деңгейге де, сыныпқа да бөлінбеген, сондықтан пәндердің тұтастай мектепте оқу кезіндегі күрделілік ұпайы бірдей.Осы себептен де жоба бойынша пәндердің күрделілік кестесін үш деңгейге бөлу жоспарланып отыр: бастауыш, негізгі және жоғары. Онда барлық пәндер және олардың біртіндеп күрделенуі есепке алынады. Пәндердің күрделілік кестесі нақты жұмыс істейтін құралға айналуы үшін әр сыныптағы пәндердің күрделілігін есепке ала отырып, бір күндік үй тапсырмасының уақытын есептеу тәртібі керек. Үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыт мөлшерінің бәрін жұмысшы тобы есептеп, әдістемелік ұсынысқа қосып отыр.Тағы бір маңызды мәселе, сұрауға қатысқан мұғалімдер де, ата-аналар да, оқушылар да үй тапсырмасы қажет, маңызды және пайдалы деп есептейді. Мұны ескерген жоба авторлары әр пән бойынша үй тапсырмасын сақтау қажет деп шешті. Енді мектеп әкімшілігі әр пән бойынша бір күнде орындалатын үй тапсырмасының уақытша мөлшерін есепке ала отырып, оның көлемін белгілейді.Сабақ тиімді болған сайын үй тапсырмасы да қызықты бола түседі. Егер сабақ көздеген мақсатына жетсе, үй тапсырмасы міндетті емес. Әдістемелік ұсыныс жобасын жасаушылар сабақты сапалы және табысты өткізген жағдайда үй тапсырмасын талдау, қорыту және болып жатқан оқиғаларға өз бағасын бере білу қабілеттерін қалыптастыру және дамыту тұрғысынан берген жөн деп есептейді.Әдістемелік ұсыныстар оқушылардың оқу жүктемесін азайтатын тиімді құрал болып, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыратынына және жалпы үлгерімнің сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенеміз.Таныстырылымға сілтеме: [https://drive.google.com/file/d/0B1-NVD6JYhSQdkZ3VkVhRXFjNnM/view](https://drive.google.com/file/d/0B1-NVD6JYhSQdkZ3VkVhRXFjNnM/view)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-a-y-tapsyrmasyn-azaytu-azhettigi-neden-tuyp-otyr-769678](https://yvision.kz/kk/post/o-ushylar-a-y-tapsyrmasyn-azaytu-azhettigi-neden-tuyp-otyr-769678)