---
title: "Оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті"
description: "Қызылордалық 16 жасар Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті. Жас өнертапқыш..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-26T08:12:22+00:00"
modified: "2024-01-26T08:12:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-ushy-zhasandy-intellektini-aza-sha-s-yletti-1000338"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-ushy-zhasandy-intellektini-aza-sha-s-yletti-1000338/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті

> Қызылордалық 16 жасар Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті. Жас өнертапқыш...

Қызылордалық 16 жасар Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті. Жас өнертапқыш жаңашыл жобасына QazaqGPT деп ат қойыпты.

![Оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/8c7df24828292cc1055ccbfbbe2751.jpg)

Аталған жоба OAI архитектурасы негізінде жасалған. Бұйрық берсеңіз сурет салады, дыбыстама жасайды және кез келген мәтінді жазып, есеп шығарады. Оның жобасы америкалық прототиптерге қарағанда ауқымдырақ. Қазірдің өзінде 2000-нан аса адам пайдаланып көрген.

«Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық», — дейді Асылжан.

kaz.inform.kz-

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-ushy-zhasandy-intellektini-aza-sha-s-yletti-1000338](https://yvision.kz/kk/post/o-ushy-zhasandy-intellektini-aza-sha-s-yletti-1000338)