---
title: "Оқу — білім бұлағы, Білім өмір шырағы"
description: "«Білім инемен құдық қазғандай»деп хақымымз бекер айтпағанына бүгінгі күні куә болып отырмыз.Міне,бір..."
author: "fabledfourFF"
published: "2014-07-08T11:46:31+00:00"
modified: "2014-07-08T11:46:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-u-bilim-b-la-y-bilim-mir-shyra-y-420647"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-u-bilim-b-la-y-bilim-mir-shyra-y-420647/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оқу — білім бұлағы, Білім өмір шырағы

> «Білім инемен құдық қазғандай»деп хақымымз бекер айтпағанына бүгінгі күні куә болып отырмыз.Міне,бір...

«Білім инемен құдық қазғандай»деп хақымымз бекер айтпағанына бүгінгі күні куә болып отырмыз.Міне,бірер жылдардан кейін мектеп түлектері атанып,ұядан өмірлік мектепке ұшып шығамыз. Сол бір сәтте әрбіреуіміздің алдымызда жаңа ғасыр талабына сай мамандық иесі болу үшін жоғары білім беру ордасын іздестіру мақсаты алдымызда тұрады.

Осыған орай Атыраудағы өлкетану сапарымызда қаланың жоғары оқу орындарымен таныс болдық. Ең алғаш біз болған білім ордасы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.Бұл жерде еліміздің білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар,болашақта бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі.Білім ордасында үлкен жетістіктерге жеткен ұлы тұлғалардың тәрбиеленгені білім сапасының көрсеткіші деп білуге болады. АГТУ-да өзіме ұнаған жайыттардың бірі тарих факультетіндегі суденттердің көне ескертіштерді тауып оны уневерситет мұражайына тарту етулері.Жалпы АГТУ 1950 жылдан бастап өз жұмысын атқаруда. Білім ордасы 50-ге жуық мамандық иелерін дайындауда.

Ал келесі білім ордалардың бірі Атырау мұнай және газ университеті. Бұл жерде Атыраудың қара алтынын өндеуге өз үлестерін қосатын жұмысшы көздерін даярлайды.Меніңше бұл оқу орны Атырауға ауадай қажет. Келешекте осы бір білім ордасының түлекттері қаланы көркейтуге атсалысады. АИНГ-да Атыраудың мұнайлы өлке екнін көрсететін мұражаймен таныс болдық. Ол өз жұмысын 2000 жылдан бастап келеді.Мұражайда мұнаймен байланысты экспонаттар көптеп кездесті.

Кеш бата мектеп қабырғасына таэквондо спортымен таныстыру үшін Атырау қаласының үздік бапкері мен оның оқытушылар келді. Олар өз өнерлерімен бізді тамсандырды.Ал өзіме ең әсерлі болған жайыт, бапкер Нұрхат Дүйсекіов Бежін олимпиадасының қола жүлдегерін тәрбиелеген.

Күнімізде өз мәресіне жетіп келеді,бүгініг күнен алған әсеріміз зор.Бұнда біз жан-жақты дамып,жаңа ортамен таныс болудамыз.Келешекте үлкен өмірлік мектепте бұл тәжірбие қажет болады деген ойдамын

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-u-bilim-b-la-y-bilim-mir-shyra-y-420647](https://yvision.kz/kk/post/o-u-bilim-b-la-y-bilim-mir-shyra-y-420647)